Ср, 23/01/2019 - 15:21
Фронт-офисті салтанатты ашу рәсіміне облыстық соттың судьясы Нұргүл Жекенова, аудан судьялары, аудан әкімі Марат Разбеков, мәслихат хатшысы Қадыр Абдрахманов, Ардагерлер кеңесінің төрағасы Қадыл Жанасбеков, аудан прокуроры Ерлан Андабаев, ІІД-нің бастығы Ербол Ахметқалиев, медиатор Күлшарбан Қалиева және аудандық газеттің бас редакторы Жомарт Игіман қатысты.
Келушілерге барынша қолайлы жағдайлар жасау үшін фронт-офисте жайлы күту залы, медиаторлар мен адвокаттарға арналған аумақ, ақпарат орталығы мен өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы орналастырылған. Жайлы жиһаз бен ұйымдастыру техникасы да осында жайғастырылған.
Сот төрағасы Ержан Байболов атап өткеніндей, аудан тұрғындары кәсіпқой медиаторлар мен адвокаттардың консультацияларын осы жерде алып, дауды да сотқа дейінгі реттеу жолымен шеше алады.