Алматы облысының Жамбыл аудандық сотында фронт-офис ашылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Іс-шараға аудан әкімі Бағдат Алиев, аудандық соттың төрағасы Есен Устелбаев, судьялар, құқық қорғау органдарының өкілдері мен адвокаттар қатысты.

Мәселен, Жамбыл аудандық соты халыққа қызмет көрсетудің қазіргі стандарттарын есепке ала отырып, толығымен «OpenSpace» азаматтарға қызмет етудің кедергісіз принципіне біржола бет бұрды. Жұмыстың жақсартылған форматы келушілердің сотта болуына мейлінше қолайлы жағдайлар жасауға бағытталып отыр.

Фронт-офис жайлы жиһазбен, ұйымдастыру техникасымен, сот отырыстарының тізімі мен талап және басқа да арыздардың үлгілері жазылған стендтермен жабдықталып, интернетке қолжетімділік қамтамасыз етілген. Ақпарат орталығы, өзіне-өзі қызмет көрсету орны, күту залы, медиатор мен адвокат кабинеттері де осында жайғастырылған.

Фронт-офисте азаматтар медиаторлар мен адвокаттардан консультациялар алып, медиация арқылы дауларды шешуге мүмкіндік алады. 

Источник: 
Алматы облыстық сотының баспасөз қызметі