Шығыс Қазақстанда сұрау салынған адамдардың 95,0%-ы фронт-офистердің жұмысына оң баға берді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Өңірде 15 фронт-офис жұмыс істейді. Оларды енді № 2 Жарма аудандық сотында, № 2 Алтай аудандық сотында және № 1 ювенальдық сотта ашу жоспарлануда.

Фронт-офистер жұмысының тиімділігін анықтау, оның ішінде көрсетілетін қызметтердің сапасын бағалау, ұсыныстар мен ескертпелерді зерделеу мақсатында соттарға келген адамдар арасында анонимді сауалнама жүргізілуде. Осылайша сауалнамаға қатысқандардың 95,0%-ы фронт-офистердің жұмысына оң баға берді.

Фронт-офистер мемлекеттік қызметтерді көрсетудің қазіргі заманғы стандарттары ескеріле отырып заманауи технологиялық инфрақұрылыммен жабдықталған.

Фронт-офистер бөлімшелердің бүтіндей бір кешенін қамтиды және азаматтарды кедергісіз қызмет көрсету қағидаты бойынша қабылдайды. Фойеде «бір терезе» жұмыс істейді. Осының өзі соттарға келушілер үшін қолайлы болып отыр. Азаматтарды әуре-сарсаңға салмау және оларға жедел қызмет көрсету үшін сот қызметкері келушілерді күтіп алады да оларды фронт-офистің тиісті бөліміне бағыттап жібереді.

Міне осылайша, соттарда процеске келуші барлық қатысушыларға олар өз құқықтары мен заңды мүдделерін сот арқылы қорғауы үшін қолайлы жағдай туғызылуда.  

Қайнар: 
Шығыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі