Ақтауда балаларға жылы шыраймен сот төрелігін ілгері бастыру бойынша жоба іске асырылуда

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Маңғыстау облыстық соты «дөңгелек үстел» өткізді, оның қатысушылары ювенальды сот төрелігін одан әрі қарай жетілдіру мәселесін талқылады.

Іс-шараға судьялар, құқық қорғау мен білім беру органдарының өкілдері, адвокаттар мен медиаторлар қатысты.

Облыстық соттың төрағасы Ержан Даулиев сөйлеген сөзінде балаларды бөлу бойынша отбасы дауларының, кәмелетке толмағандармен жасалынған және балаларға қатысты зорлық-зомбылық қылмыстарының өскенін атап өтті. Ол кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі медиацияны, сондай-ақ мектепішілік жанжалдарды болдырмау мақсатында татуластыруды кеңінен тарату және қолдану қажеттілігінің өзектілігін баса көрсетті.

Облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Ержан Қарабаев баланың құқықтарын қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандармен жасалатын қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу, оларға қатысты шаралар қабылдау мақсатында қылмыстық сот ісін жүргізуді жүйелендіру мәселесін көтерді.

Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған соттың төрағасы

Лариса Шамгунова кәмелетке толмағандарға қатысты материалдар мен ақпаратты жинау бойынша пилоттық жоба шеңберіндегі жұмыс, психологтармен, қамқоршылық органдары, пробация қызметтері мен денсаулық сақтау басқармасының қызметкерлерімен бірлескен қызмет туралы айтып берді.

Кездесуге қатысушылар «Құқықтық тәртіп», «Жасөспірім», «Мектеп және отбасы» жедел іс-шаралар шеңберінде бірлескен рейдтер, сотта және сотқа дейін медиация рәсімдерін жүргізуді, оңалту бағдарламасының негізі ретінде әлеуметтік қолдау карталарын әзірлеуді, кәмелетке толмағанды тұлғалық және оның жасаған құқық бұзушылықтарын әлеуметтік диагностикалауды, оларға психологиялық қолдау көрсетуді ұсынды.

Іс-шара барысында облыстық соттың төрағасы Ержан Даулиев, ІІД, ҚАЖД және білім беру басқармасының басшылары Қанат Таймерденов, Тимур Гашимов пен Гүлмира Мамаева, денсаулық сақтау басқармасының өкілі Сара Ермұқанова, адвокаттар алқасы және «Мейірім» АҚ өкілдері Басира Якушева мен Александр Муха Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.   

Құжат баланың құқықтарын қамтамасыз етуге, кәмелетке толмағандармен жасалатын қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды болдырмау бойынша шаралар қабылдауға бағытталған. 

Қайнар: 
Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі