Маңғыстау облыстық сотында сот актілерінің орындалу мәселелері талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Маңғыстау облыстық сотында «Сот актілерінің орындалуы және айыппұл түріндегі жазалардың орындалу мәселелері» атты тақырыпта «дөңгелек үстел» өтті.

Іс-шараға судьялар, облыстық прокуратура және әділет Департаментінің қызметкерлері, сот орындаушылар,  ҰЕҰ мен БАҚ өкілдері қатысты.

«Дөңгелек үстелде» Қазақстан Республикасы “Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы” заң талаптарының сақталуы, сот актілерінің толық әрі уақытылы орындалуы, сот актілерін орындау барысында туындайтын қиындықтар мен мәселелер талқыланды.

Облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Е.Қарабаев шараны ашып, сот актілерінің орындалуы құқықтық тәжірибенің ең маңызды бөлігі болып табылатынын, мұның өзі мемлекеттегі сот төрелігінің тиімділігін көрсететінін атап өтті.

Шара барысында сөз алған Ақтау қалалық сотының судьясы Г.Әділсұлтани заңды күшіне енген сот актілері барлық мемлекеттік билік органдарына, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына, қоғамдық ұйымдарға, лауазымды тұлғаларға міндетті әрі Қазақстан Республикасы аумағында қатаң орындалуы тиіс екендігіне тоқталды.  Сот актілерін орындамау, сонымен бірге сотқа құрмет көрсетпеу заңмен көзделген жауапкершілікке әкеп соғады. Ал заңды күшіне енген сот актілерін орындамауға байланысты, бұзылған құқықтарды сотта қорғау процесі мағынасыз болып қалып, сот төрелігіне қол жеткізу құқығы жүзеге аспайтындығын айтып өтті. Сондай-ақ, ол сот шешімдерінің толық әрі уақтылы орындалуы сот билігінің беделін ғана емес,  мемлекеттің мәртебесін де айқындайтындықтан аталған мәселеге жауапкершілікпен қарау керек екендігін түсіндірді.

Іс-шара соңында сот шешімдерін орындау жүйесіндегі мәселелерді одан әрі шешу мақсатында ұсыныстар қабылданды.

Қайнар: 
Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі