Ақтауда тұрғын үй қатынастары саласындағы сот практикасын қалыптастыру мәселелері талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Маңғыстау облыстық сотында «Тұрғын үй қатынастары саласындағы нормалардың бірыңғай қолданылуы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Шараға облыстық соттың азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы м.а. Ғ.Бастаубаев, облыс әкімінің орынбасары Ө.Бисақаев, облыстық, аудандық және оған теңестірілген соттардың судьялары, прокуратура, құқық қорғау органдары мен адвокаттар алқасы және «Ақтау қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімі» ММ-ніңбасшылары мен өкілдері қатысты.

Жиынның модераторы – Маңғыстау облыстық сотының судьясы А.Молбаева шараны ашып, бас қосудың мақсатын таныстыра келе, бүгінгі өзекті мәселеге айналып отырған сұрақтарды ортаға салды.

Шара барысында «тұрғын үйге қатысты дауларды соттарда қарау тәртібі», «тұрғын үй қатынастары саласындағы заңнамалардың қолданылуы, ондағы мәселелер», «тұрғын үй бөлу кезінде туындайтын мәселелер» туралы баяндамалар оқылып, тақырып жан-жақты талқыланды.Бүгінгі таңда тұрғын үйге қатысты туындаған даулардың басым бөлігі Ақтау қаласы әкімдігінің тұрғын үй комиссиясының заңсыз хаттама шешімдерін даулау бойынша азаматтық істер болып табылады. Яғни, тұрғын үй комиссиясының шешімімен көптеген азаматтар тұрғын үй жағдайын жақсарту, тұрғын үйді өз меншігіне өткізу, тұрғын үй кезегінен шығарылу мәселелерімен бетпе-бет келіп отыр.

Жиын соңында қатысушылар сот практикасын қалыптастыру бойынша ұсыныстарын білдіріп, пікір алмасты.

Источник: 
Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі