Архив событий

17/03/2017

Қостанай облысының судьялары заңнамадағы жаңашылдықтар мен түзетулерді талқылады

17/03/2017

Қостанай облыстық сотының судьялары Сергей Нуров пен Жанар Жайлебаева «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық, банктік заңнаманы жетілдіру және кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР заңындағы негізгі өзгерістер тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізді.

Жамбыл облысының судьялары сот жүйесіне қатысты заңнамалық жаңашылдықтарды түсіндіруде

17/03/2017

Жамбыл облыстық сотының судьясы Гүлнәр Асылбек "дөңгелек үстел" өткізді, оның жұмысына судьялар, «Қоғамдық қорғау» медиаторлары, «Бітімгер» медиация және құқық орталығының, Халықаралық құқықтық қорғау орталығының, нотариалдық палатаның, жеке сот орындаушылар палатасының, «Таразэнергоорталығы», «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ, «Жамбыл-Жылу», «Тараз-Су», «Жасыл Ел-Тараз» коммуналдық мекемелерінің өкілдері қатысты.

Атырауда Жас судьялар кеңесі мен колледж студенттері көрнекі сот отырысын өткізді

17/03/2017

Атырау облыстық сотында Жас судьялар кеңесі мен Каспий өңірінің қазіргі замандағы колледжі құқықтану мамандығының студенттерінің  бірлескен іс-шарасы ұйымдастырылды.

Бұл күні облыстық соттың сот мәжілісі залында болашақ заңгерлер, мән-жайын өздері құрастырып шыққан қылмыстық іс бойынша оқу-қойылымдық сот процесін өткізді. Судья, прокурор, адвокат, сот приставы, сотталушы, жәбірленуші, куәлер рөлінде студенттердің өздері ойнады.

Оңтүстік Қазақстан облыстық сотында жер заңнамасын қолданудың мәселелері талқыланды

17/03/2017

«Дөңгелек үстел» мәжілісіне облыстық соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Т.Бекімбетов және облыстық, аудандық соттардың судьялары мен облыстық прокуратура, аудан, қала әкімдіктерінің, облыстық жер қатынастары басқармасының, ОҚО өңірлік бағалау палатасының, «Азаматтарға арналған үкімет Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес АҚ-ның ОҚО бойынша Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру департаментінің өкілдері қатысты.

Қазақстанның судьялар делегациясы Америка Құрама Штаттарына жұмыс сапарымен барды

17/03/2017

Инвестициялар және инвестициялық сот ісін жүргізу саласындағы халықаралық құқық нормаларын зерделеу мақсатында Қазақстанның судьялар делегациясы Америка Құрама Штаттарына жұмыс сапарымен барды.