Ақтөбе облыстық сотының төрағасы жаңадан тағайындалған судьялармен таныстырды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе облыстық сотының төрағасы Мұратғали Әкетай Хромтау, Ойыл және Темір аудандық соттарын аралап, аудандардың активінің қатысуымен жұртшылықпен кездесу өткізіп, Президентінің Жарлығымен жаңадан тағайындалған аудандық сот төрағалары мен облыстық соттың судьясын таныстырды.

Ол Зинаида Шмированың Ақтөбе облыстық соттың судьясы, Темір аудандық сотының төрағасы - Нұрлан Бақтығалиев, Ойыл аудандық сотының төрайымы - Сәуле Танимова  және Хромтау аудандық сотының төрағасы болып Айсұлтан Балмұхановтың тағайындалғанын жеткізді.

Кездесу барысында облыстық сот төрағасы Мұратғали Әкетай  Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына арнаған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жолдауында көрсетілген  жаңа дәуір қарсаңында еліміздің әрі қарай даму жолдарын  атап өтті.  Елбасының  Жолдауын судьяларға түсіндіру барысында  Елбасының құқық үстемдігі мен заң алдында барлығының теңдігін қамтамасыз ету, жеке меншікті қорғауға бағытталған реформаларды жалғастыру қажеттігі атап өтілген  Жолдаудың  бесінші басымдығына назар аудартты.

Облыстық сот төрағасы жаңадан тағайындалған төрағалардың назарын сот төрелігін жүзеге асыру сапасын арттыру қажеттігіне аудартты.

Халықпен кездесу барысында жұртшылық  облыс судьяларының қызметіне оң баға берді.

Сонымен қатар, сот жүйесіне қатысты жұртшылық тарапынан түскен сұрақтарға облыстық сот төрағасы толыққанды жауап берді.

Қайнар: 
Ақтобе облыстық баспасөз қызметі