Шығыс Қазақстан облыстық сотының судьялары сот санкциясының проблемалық сұрақтарын талқылады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шығыс Қазақстан облыстық сотында сот санкциясының проблемалық сұрақтарын талқылауға арналған «дөңгелек үстел» өткізілді.

Дөңгелек үстел жұмысына судьялар, прокуратура, адвокаттар алқасының, ШҚО ІІД тергеу басқармасының өкілдері қатысты.

Қ.Чакпантаев өз сөзінде, Ұлт Жоспарының 22 қадамын іске асыру:  азаматтардың конституциялық құқықтарын шектейтін барлық тергеу   әрекеттерін санкциялау бойынша тергеу судьясының өкілеттілігіне сатылы түрде беруді атады.

Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының судьясы Н.Елемесов  2016 жылы өңірдің бірінші сатысындағы соттарда 40 тергеу судьясы тағайындалғандығын атап өтті. Облыстың тергеу судьяларымен 2016 жылы 5-жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған күдіктілерге қатысты қылмыстар бойынша 40 талап тілек  қаралған. Оның ішінде 33-і қанағаттандырылған, 7-талап тілек қамауға алу түріндегі шараны қолдану туралы талап тілекті растайтын дәлелдемелер мен  себептерінің болмауына байланысты бас тартылған.   Тергеу судьясы тінту, алу, табуды санкциялауды бөлек  қаулы шығару арқылы жүргізеді, осы ретте  өтініш хаттарды тергеу судьясы өзі сот отырысын өткізбей-ақ өтінішхат материалдарымен бірге келіп түкен күні қарайды.

«Дөңгелек  үстел» қатысушылары қылмыстық-процессуалдық кодекске,  тез арада қарауды талап етпейтін, мәселен бір тәуліктен үш тәулікке дейінгі мерзімдегі,  он тәулікте  –материалдарды қарауды талап ететін, осы және осы сияқты материалдарды қарау мерзімін нақтылауды енгізуді ұсынды.

 Шараның соңында қатысушылар сотқа дейінгі тергеу жүргізетін органдардың, прокуратура мен соттардың бірлесе және ұжымдаса отырып қызмет атқару қажеттігін атап өтті, сонымен қатар, олар жалпы басшылыққа арналған ұсынымдар әзірледі.

Қайнар: 
Шығыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі