Солтүстік Қазақстан облыстық сотында сот шешімін әзірлеу әдістемесі туралы семинар өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Солтүстік Қазақстан облыстық сотында Америка заңгерлерінің  Қазақстандағы қауымдастығы өкілдігінің қолдауымен «Талап қою ісін жүргізудің азаматтық істері бойынша сот шешімін әзірлеу әдістемесі» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді.

Аталмыш іс-шараға Солтүстік Қазақстан облыстық сотының отставкадағы судьясы Инесса Қуанова, АВА ROLI  халықаралық ұйымының өкілі Айжан Әлмусина, 5 жылға дейінгі жұмыс өтілі бар судьялар қатысты.

Кездесуді ашқан облыстық соттың төрағасы Ерлан Айтжанов осы семинар судьялардың әдістемелік дағдыларын нығайтып, сот талқылауының пәрменділігі мен сот шешімдерінің сапасын  арттыратынына сенім білдірді.

Екі сессияға бөлінген семинардың біріншісінде қатысушылар талап қою ісін жүргізудің істері бойынша сот шешімін дайындау әдістемесін зерделесе, екіншісінде – шешім жасаудың әдістемесіне, оның құрылымы мен мазмұнына егжей-тегжейлі тоқталды. Судьялар семинар барысында топтарда жұмыс істеп, істің нақты мән-жайларын анықтау, даулы және даусыз нақты мән-жайларды қажетті дәлелдемелерді айқындау жөніндегі тапсырмаларды орындады.

Іс-шара соңында қатысушылар сот шешімдеріне талдау жасап, топтардың таныстырылымын көрсетті.

Қайнар: 
Солтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі