Солтүстік Қазақстан облыстық соты қылмыстық процесті реформалауды түсіндіру бойынша бірқатар іс-шаралар өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Солтүстік Қазақстан облыстық соттың төрағасы Ерлан Айтжанов Жамбыл ауданының тұрғындарымен кездесіп, қылмыстық процесті реформалау жөнінде  Жоғарғы Сот жүргізіп жатқан жұмысқа тоқтала кетті. 

Е.Айтжанов бүгінгі таңда сот төрелігі жүйесін жетілдіру аясында қылмыстық процесте азаматтарды қорғау деңгейін көтеру және жазаның қатаңдығын төмендету бойынша реформа өткізіліп жатқанын атап өтті. Жаңғырудың аталмыш сатысы ұлттық заңнаманың қылмыстық қудалау саласындағы халықаралық стандарттарға сай сәйкестендіруге бағытталған.

Петропавл қаласының әкімдігінде облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Владимир Кириленконың қала белсенділерімен, құқық қорғау органдарының және жұртшылық өкілдерімен кездесуі өтті. Кездесу барысында В.Кириленко азаматтардың барлық сұрақтарына жауап берді. В.Кириленко Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде студенттер мен заң мамандығының оқытушылары үшін дәріс оқыды. Сот алқасының төрағасы қылмыстық процесті және құқыққорғау қызметін жетілдіруді реформалау аясында жоспарланған өзгерістерді атап өтті.

Жұртшылықпен кездесу барысында баяндаушылар реформа қылмыстық процесте адам құқығын қорғауды күшейтуге, тараптардың жарыспалылығын көтеруге, сот бақылауын кеңейтуге бағытталғанына ерекше баса назар аударды.

Источник: 
Солтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі