Солтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы жас судьялармен кездесулер өткізуде

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Солтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы Ерлан Айтжанов жас судьялармен кездесулер өткізуде.

Еңбек өтілі 3 жылға толмаған жас судьялармен кездесулер бекітілген кестеге сәйкес жеке тәртіпте әр апта сайын өткізіледі.

Әңгімелесу барысында облыстық соттың төрағасы сот ұжымдарындағы моральдық-психологиялық жағдайды зерделейді, Елбасы судьялардың VII съезінде қойған және Жоғарғы Сот төрағасы анықтаған міндеттерге ерекше мән береді.

Сонымен қатар жас судьялардың назары сот әдебі нормаларын мүлтіксіз сақтауға және үнемі кәсіби дағдыларын арттыруға салынады. Бұл мақсатта Солтүстік Қазақстан облыстық сотында Тәлімгерлер кеңесі жұмыс жасайды. Тәлімгерлер аудандық және оған теңестірілген соттардың тәжірибелі судьяларының арасынан таңдалған, олар сот қызметінде көп жыл қызмет атқарған және заңды білуімен судья ретінде жұмыс дағдысымен құрметке ие болған судьялар.

Сондай-ақ жас судьялардың кәсіби дайындығына отставкадағы судьялар - Лидия Капустина және Қазиза Джүнісова көмек көрсетеді.

Источник: 
Солтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі