Архив событий

02/12/2016

Оңтүстіктің судьялары Қазығұрт тауына ту тікті

02/12/2016

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін мерекелеу барысында Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы Н.Шәріповтың бастамасымен ұйымдастырылған «ТӘУЕЛСІЗДІК – ТҰҒЫРЫМ» атты іс-шара аясында облыс судьялары киелі Қазығұрт шыңына шығып, ту тікті.

Солтүстік Қазақстан облыстық сотында судьялардың VII-съезі қорытындысы талқыланды

02/12/2016

Солтүстік Қазақстан облыстық сотында «Нұр Отан» партиясының фракция депутаттарымен, облыстық және қалалық маслихаттардың депутаттарымен, бастапқы партиялық ұйымдардың төрағаларымен, партияның саяси кеңесінің мүшелерімен, Қазақстанның жас депутаттар Ассоциациясымен, жастар маслихатымен, «Жас Отан» жастар қанатымен кездесуі өтті, онда судьялардың VII-съезі қорытындысы жасалды және ақпараттық сервистердің тұсаукесері бойынша таныстыру баспасөз туры өтті.

Сот қызметкерлері білім мен өнер бәсекесінде сайысты

02/12/2016

Маңғыстау облыстық сотының ұйымдастыруымен ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында «Ұлттың ұлы тұмары - Тәуелсіздік» атты кеңсе қызметкерлері арасында облыстық сайыс өткізілді.  Шараның мақсаты – сот кеңсесінің қызметкерлерін отансүйгіштік пен еңбекқорлыққа тәрбиелеп, ұлттық құндылықтар мен тарихты жете білуге ынталандыру болатын.