Архив событий

28/12/2016

Қостанай облысы сот қауымдастығы сот жүйесінің ардагері Тұрсынбай Жармұхамедовты мерейтойымен құттықтады

28/12/2016

Қостанай облысының сот қауымдастығы сот жүйесінің ардагері Тұрсынбай Самбитұлы Жармұхамедовты салтанатты түрде 70 жылдық мерейтойымен құттықтады.

Облыстық сот төрағасының міндетін атқарушы Арман Шамшиев ардагерді мерейтойымен құттықтай келе: «Сіз 36 жылдан астам уақыт судьялық қызмет атқардыңыз. Осы жылдарда әріпсетеріңіз үшін және кейінгі буын өкілдері үшін үлгі алар тұлға бола білдіңіз», - деп атап өтті.

Облыстық сот төрағасы жас судьялардың назарын жаңа әдеп Кодексінің талаптарын қатаң сақтауға аударды

28/12/2016

Ақтөбе облыстық соты төрағасы Мұратғали Әкетай жас судьялармен кездесу өткізді.

Кездесу барысында облыстық сот төрағасы судьялардың VII съезінде Елбасының заң үстемдігін қамтамасыз ету, тиісті сот корпусын құру, сот iстерiн қараудың бірыңғай тәжірибесін қамтамасыз етуге бағытталған сот жүйесіне жүктеген жаңа негізгі міндеттерін атап өтті.

Облыстық сот төрағасы жас судьялардың назарын жаңа әдеп Кодексінің талаптарына аудартып, оларды қатаң сақтауға шақырды.