Архив событий

30/11/2016

Республика судьяларының VII съезіне орай ұйымдастырылған Интернет-викторинаның жеңімпаздары марапатталды

30/11/2016

2016 жылғы 2 - 9 қараша аралығында Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Интернет ғаламторының пайдаланушыларына бағытталған құқықтық сұрақтар бойынша интернет-викторинаны өткізді. Іс-шара 2016 жылғы 21 қарашада өткен республика судьяларының VII съезіне орайластырылған.

Аталмыш акцияның мақсаты ел азаматтарының құқықтық білімін арттыру. Акцияның қатысушыларына республика заңдылығы бойынша 10 сұраққа жауап беру керек болатын. Жоғарғы Сот судьялар съезінің делегаттары атынан кездейсоқ ретімен түсетін шамамен 120 сұрақ құрастырған.

Құрметті оқырмандар!

30/11/2016

Сіздерді 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтаймын!

Сот қызметкерлері үшін бірыңғай киім үлгісін енгізутуралы

30/11/2016

Соттар жұмыстарының қолжетімділігі мен сапасына азаматтардың қанағаттанушылық деңгейін анықтауға бағытталған online-сауалнамалау шеңберінде, респонденттер басқа ұсыныстармен қатар, сот қызметкерлері үшін бірыңғай киім үлгісін енгізу қажеттілігі туралы айтылды.

Республика соттарында Тұңғыш Президенті күніне орай салтанатты шаралар өткізілді

30/11/2016

Бұл күндері республиканың барлық соттарында Тұңғыш Президенті Күніне орай мерекелік іс-шаралар өткізілді. Оған судьялар, сот жүйесінің ардагерлері, мемлекеттік және құқық қорғау құрылымдарының басшылары, қоғамдастықтардың өкілдері қатысты.

Өткізілген кездесулердің барысында сөз сөйлегендер Ұлт Басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың егеменді Қазақстанның қалыптасуында, республикадағы қуатты сот билігін құруда үлкен ролін атап өтті.

Ақтөбе облыстық сотында жиынның ашылу салтанаты Ұлттық Гвардияның офицерлерлері Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын кіргізумен басталды.

ҚР Әскери соты және ҚазГЗУ колледжі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

30/11/2016

Әскери соттың әкімшісінің басшысы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күніне арналған ҚазГЗУ гуманитарлық заң колледжі түлектерінің кездесуіне қатысты.

Іс-шара барысында Әскери соттар Әкімшісі және ҚазГЗУ гуманитарлық заң колледжі арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

Меморандумға қол қою салтанатты рәсіміне жоғары оқу мекемесінің басшылығы, профессорлық құрамы, колледж түлектері және заң факультетінің студенттері қатысты.

Ақмола облысында сот заңсыз жұмыстан босатылған медициналық-әлеуметтік мекемесі директорының орынбасарын жұмысқа қайта алғызды

30/11/2016

Ақмола облысы Бұланды аудандық соты  жұмысқа қайта алу және амалсыз бос жүрген уақыты үшін еңбекақыны өндіріп алу туралы Психоневрологиялық аурулары бар мүгедектерге арналған медициналық-әлеуметтік мекемесінің бұрынғы директор орынбасарының талап арызы бойынша азаматтық іс қарады.

Батыс Қазақстан облыстық сотының алқа төрағасы БҚО Ақжайық ауданының кәсіби емес медиаторларымен кездесті

30/11/2016

Батыс Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы, Қазақстан Республикасы судьяларының VII съезінің делегаты Бақытбек Бегалиев жұмыс сапарымен БҚО Акжайық ауданының екі сотында болып, ауылдық округтердің әкімдерімен және кәсіби емес медиаторлар кездесу өткізді.

Қарағандыда республика судьяларының VII съезінде Президенттің сот қауымдастығы алдына қойған міндеттерін талқылады

30/11/2016

Қарағанды облыстық сотының төрағасы Мұсабек Әлімбеков облыс судьяларымен VII съезінде Президенттің сот қауымдастығы алдына қойған міндеттерін талқылау бойынша кеңес өткізді.

Төраға өз сөзінде Қарағанды облысынан өткен съезге 20 делегат қатысқанын айтты, съездің жұмысы туралы егжей-тегжейлі баяндады. Сондай-ақ, съезд барысында Судьялардың этикалық кодексі нормалары туралы хабардар етті.

Сот заңсыз жұмыстан босатылған жұмыскерді жұмысқа қайта алғызды

30/11/2016

Ақмола облысы Бұланды аудандық соты жұмысқа қайта алу және амалсыз бос жүрген уақыты үшін еңбекақыны өндіріп алу туралы Психоневрологиялық аурулары бар мүгедектерге арналған медициналық-әлеуметтік мекемесінің  бұрынғы директор орынбасарының талап арызы бойынша азаматтық іс қарады.