Республика судьяларының VII съезіне орай ұйымдастырылған Интернет-викторинаның жеңімпаздары марапатталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2016 жылғы 2 - 9 қараша аралығында Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Интернет ғаламторының пайдаланушыларына бағытталған құқықтық сұрақтар бойынша интернет-викторинаны өткізді. Іс-шара 2016 жылғы 21 қарашада өткен республика судьяларының VII съезіне орайластырылған.

Аталмыш акцияның мақсаты ел азаматтарының құқықтық білімін арттыру. Акцияның қатысушыларына республика заңдылығы бойынша 10 сұраққа жауап беру керек болатын. Жоғарғы Сот судьялар съезінің делегаттары атынан кездейсоқ ретімен түсетін шамамен 120 сұрақ құрастырған.

Викторинаның қатысушыларына жүлделі қор қарастырылып, күн сайын викторинаның 6 немесе одан көп сұрақтарына дұрыс жауап берген қатысушылары арасындан аталмыш жүлделер ойнатылды (ұялы телефон номіріне бірліктер). Викторина аяқталғаннан кейін а.ж. 10 қарашада сұрақтардың жартысынан көп жауап бергендер арасында үш смартфон ойнатылды. Бас жүлде (Samsung Galaxy S7 смартфоны) Қарағанды қаласынан ҚР ІІМ Барымбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының 4 курсының курсанты Балым Серікбековаға тиесілі болды. Екі Samsung Galaxy А5 телефондарын Астана қаласынан Қарағанды облыстық қорғаушы Жанат Агубаев және Ақтау қаласынан № 20 орта мектебінің 11 сынып оқушысы Ержан Жұмабаев ұтты.

А.ж. 29-30 қарашада Астана қалалық, Қарағанды және Маңғыстау облыстық соттарында салатанатты түрде викторинаның жеңімпаздарына жүлделерді табыстау рәсімі өткізілді.

10 күн ішінде викторинаның сайтына 102 мыңнан астам интернет пайдаланушылары кіріп, оның ішінде 28 мыңнан астамы тіркеліп, ойынға қатысты. Барлығы шамамен 134 ойын өткізілген, яғни бір ойыншы бірнеше рет ойнаған.

Интернет-викторинаның қорытындысы бойынша осындай форматтар халықтың, әсіресе жастардың құқықтық ағартылуы мен заң білімін көтеру үшін неғұрлым тиімді. Бұл Елбасының республика судьяларының VII съезінің қорытындылары бойынша судьялар корпусының алдына қойған талаптарының бірі болып табылады.

Қайнар: 
ҚР Жоғарғы Сотының баспасөз қызметі