Архив событий

04/11/2016

Жоғарғы Сотта сот жүйесінің ардагері Кеңес Жалмұханбетовке құрмет көрсетілді

04/11/2016

Бүгін Жоғарғы Сотта сот жүйесінің ардагері Кеңес Жексенбекұлы Жалмұханбетовтің 80 жасқа толған мерейтойына арналған салтанатты жиын өтті.

Кеңес Жексенбекұлы С. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген соң, еңбек жолын Қызылорда облысының Сырдария аудандық қаржы бөлімінің аға инспекторы қызметінен бастады. 1959 жылы ол Қарағанды металлургиялық комбинатында домен цехының горновойы болып еңбек етті.

Оралда Қазақстан Республикасының «Төрелік туралы» Заңын қолдануды түсіндіру бойынша «дөңгелек үстел өтті»

04/11/2016

Бүгін Оралда Қазақстан Республикасының «Төрелік туралы» Заңын қолдануға байланысты мәселелерді талқылауға арналған «Ұлт жоспарын жүзеге асыру - іс жүзінде дауды балама жолмен шешу» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті.

Шара Қазақстан халқы Ассамблеясының үйінде өтіп, оған  облыс соттарының төрағалары мен судьялары, Батыс Қазақстан облысы бойынша тұрақты жұмыс істейтін төрелік төрағасы, мемлекеттік және құқыққорғау органдарының басшылары, үкіметтік емес ұйымдардың, коммуналдық қызмет өкілдері және ғылыми қауым шақырылды.