Архив событий

11/11/2016

Сот мүгедек баланы тәрбиелеуші отбасының құқықтарын қорғады

11/11/2016

Павлодар қалалық сотында азамат К-ның «Павлодар қаласының тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдар бөлімі» ММ-не және Павлодар қаласы Әкімдігінің қалалық тұрғын үй коммисиясына мемлекеттік орган шешіміне шағымдау туралы азаматтық іс қаралды.

Алматы қаласы бойынша соттар әкімшісі судьялар мен мемлекеттік қызметшілерге арналған тұрғын үйді салу туралы меморандумға қол қойды

11/11/2016

Алматы қаласы бойынша соттар  әкімшісі Д.Қырықбаев «Комильфо Девелопмент» ЖШС-нің бас директоры Д.Құланбаев пен «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ филиалының директоры арасында өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Тараптар қол қойған келісімнің аясында, тұрғын үй құрылыс жинағы жүйесі арқылы судьялар мен мемлекеттік қызметшілерге тұрғын үйдің қолжетімділігін әрі қарай арттыруын қамтамасыз ететін, тұрғын үй құрылысының дамуын іске асыру бойынша жобаны жүзеге асыру жоспарлануда.