Архив событий

08/11/2016

Павлодар облысында жаңадан тағайындалған соттар төрағаларын таныстырды

08/11/2016

Павлодар облыстық сотының төрағасы М.Смағұлов Екібастұз қалалық соты мен Павлодар облысының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының ұжымына салтанатты түрде жаңадан тағайындалған төрағаларды таныстырды.

Ақтөбе облыстық сотының төрағасы қызметтік сапар барысымен аудандық соттарды аралады

08/11/2016

Ақтөбе облыстық сотының төрағасы Мұратғали Әкетай қызметтік сапар барысымен Қарғалы және Мәртөк аудандық соттарын аралады.

Облыстық соттың төрағасы аудандық соттардың жұмысымен танысып, жұртшылықпен кездесіп, аудан активінің қатысуымен жиын өткізді.

Солтүстік Қазақстан облысында халықаралық сарапшылардың қатысуымен тергеу судьялары үшін семинар-тренинг өтті

08/11/2016

Екі күн бойы Жоғарғы Сот «Қазақстандағы қылмыстық сот төрелігін жетілдіру» Еуропалық Одақ жобасымен бірігіп Жоғарғы Соттың отставкадағы судьясы Раиса Юрченконың және халықаралық сарапшы Ена Карстенаның мен Девид Катердің қатысуымен Петропавл қаласында облыстың тергеу судьялары үшін оқыту семинарын өткізді.

Оңтүстік Қазақстан облысының судьялары әріптесін құрметті демалысқа шығарып салды

08/11/2016

Оңтүстік Қазақстан облыстық сотында Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 03 қарашадағы «Қазақстан Республикасы соттарының төрағалары мен судьяларын қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы» Жарлығына сәйкес, орындарынан түсуіне байланысты Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының судьясы Ақылбек Күлішұлы Елшібаевты құрметті демалысқа шығарып салу рәсімі өтті. Сонымен қатар іс-шара барысында осы Жарлықпен облыс соттарына жаңадан тағайындалған төрағалар мен судьялар таныстырылды.

Ақмола облысының соттарында жаңа тағайындаулар

08/11/2016

Ақмола облыстық сотының төрағасы Нұрғазы Әбдіқанов облыстық соттың жалпы отырысында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен тағайындалған Ақмола облысы соттарының төрағалары мен судьяларын таныстырды.

Ақтау қалалық сотының төрағасы тағайындалды

08/11/2016

Маңғыстау облыстық сотының төрағасы Жақсылық Аланов Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 3 қарашадағы  № 368  Жарлығымен тағайындалған  Ақтау қалалық сотының төрағасы Кенжалиев Мәлік Сәбитұлын ұжымға салтанатты түрде таныстырды.

Іс-шараға Маңғыстау облыстық сотының төрағасы Ж.Аланов, аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары мен судьялары, кеңсе қызметкерлері, сондай-ақ өңірдің құқық қорғау органдарының басшылары қатысты.