Архив событий

25/11/2016

Жоғарғы Сот республика судьяларының VII съезінде Мемлекет басшысы берген тапсырмаларды белсенді іске асыруға кірісті

25/11/2016

Жоғарғы Сот Төрағасы Қайрат Мәми кезекті жалпы отырысты өткізді.

Оның жұмысына Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағалары мен судьялары, Ғылыми-консультативтік кеңес мүшелері, Конституциялық Кеңестің, Бас Прокуратураның, Әділет, Қаржы, Энергетика министрліктері мен Ұлттық Банктің өкілдері қатысты.

Шығыс Қазақстан облыстық сотында республика судьяларының VII съезінде Президенттің судьялар алдына қойған міндеттері талқыланды

25/11/2016

Шығыс Қазақстан облыстық соты төрағасы Досжан Әміров өңір судъяларының  және съез Делегаттарының қатысуымен, VІІ съезде Президенттің судьялар алдына қойған міндеттерін талқылау мақсатында кеңейтілген кеңес өткізді.

Шығыс Қазақстан облысы судьялар корпусының атынан съезге 18 делегат қатысты.

Қостанай облысының судьялар республика судьяларының VII съезінде Презинденттің сот қауымдастығының алдына қойған міндеттерін талқылады

25/11/2016

Қостанай облыстық сотында жиын өтіп, оған қатысушылар  Қазақстан Республикасы судьяларының VII Съезінде Презинденттің сот қауымдастығының алдына қойман міндеттерін талқылады.

Шараға съезд делегаттары мен өңір судьялары қатысты.

Облыстық сот төрағасы Асламбек Мерғалиев съезд жұмысы туралы егжей-тегжейлі баяндап, аудандық және оған теңестірілген сот судьяларының назарына мемлекет басшысының республиканың сот қауымдастығының алдына қойған міндеттері мен мақсаттарын жеткізді.