Архив событий

09/11/2016

Шығыс Қазақстан облыстық сотында кадрлық өзгерістер орын алды

09/11/2016

Бүгін Шығыс Қазақстан облыстық сотында облыстық сотының төрағасы м.а. Қ.Чакпантаев облыстың судьялар қауымдастығына жаңадан тағайындалған облыстық соттың судьяларын, аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары мен судьяларын таныстырды.

Жамбыл облыстық сотының төрағасы жаңадан тағайындалған әріптестерін таныстырды

09/11/2016

Жамбыл облыстық сотының төрағасы Рүстем Алшынбаев жалпы отырыста сот корпусына жаңадан тағайындалған облыстық соттың судьяларын, сондай-ақ Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясын таныстырды.

Жоғарғы Сот Судьялардың жетінші съезінің қарсаңында заң аясына арналған Интернет-викторинаны іске қосты

09/11/2016

Жоғарғы Сот жаһандық желіні пайдаланушыларға есептелген интернет-викторинаны іске қосты. Іс-шара 2016 жылғы қарашада Судьялардың жетінші съезін өткізуге арналған.

Қостанай облыстық сотының судьясы "Әлеуметтік дамудың өзекті мәселелері және оларды медиация мүмкіндігін қолдана отырып шешу жолдары" тақырыбында өткен «дөңгелек үстел» жұмысына қатысты

09/11/2016

Қостанай облыстық соты «Әлеуметтік дамудың өзекті мәселелері және оларды медиация мүмкіндігін қолдана отырып шешу жолдары» тақырыбында «Халықаралық құқық қорғау орталығы» ҚБ ұйымдастыруымен өткізілген «дөңгелек үстелге» қатысты. Аталған ұйым халық бірлігін нығайту мен қоғамдық келісімді сақтауда медиация институтының мүмкіндіктерін қолдану арқылы әлеуметтік өзекті мәселелерді анықтау және туындаған сауалдарды жинақтап, саралап заңнамаға тиісті өзгерістер енгізу туралы ұсыныс жасау мақсатымен мұндай шараларды еліміздің әр өңірінде ұйымдастырып отыр.