Архив событий

29/11/2016

Шығыс Қазақстан облыстық сотының судьялары Г.С.Михинаны 80-жасқа толу мерейтойымен құттықтады

29/11/2016

Бүгін Шығыс Қазақстан облыстық сотының судьясы М.Ч.Токушева және облыстық сот жанындағы соттармен байланыс Кеңесінің төрағасы, отставкадағы судья  В.Н.Кизаметдинов Шығыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Д.Әміровтың және ШҚО Судьялар Одағының филиалының, сот жүйесінің ардагерлері атынан сот жүйесінің және тыл ардагері -  Михина Галина Степановнаны 80-жасқа толу мерейтойымен  құттықтап, естелік сыйлықтар тарту етті.

Ювеналдық сот төрағасы «Қазақстан баламен достық қатынаста» конференциясына қатысты

29/11/2016

Астана қаласында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына және ЮНИСЕФ-тің 70-жылдығына арналған «Қазақстан баламен достық қатынаста» атты Халықаралық конференция өтті.

Конференция жұмысына Парламент депутаттары, орталық мемлекеттік органдардың басшылары, жақын және шалғай елдердің балалар омбудсмендері, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Павлодар облыстық сотында сот жүйесінің қызметі туралы ақпараттандыратын БАҚ өкілдері құрмет грамоталарымен марапатталды

29/11/2016

Павлодар облыстық сотында «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті» - мемлекеттік мерекелеуге арналған салтанатты іс-шара өтті.

Іс-шараға Павлодар облыстық сотының төрағасы М.Смағұлов, «Павлодар облысының Соттар әкімшісі» РММ-нің басшысы С.Ахметбеков, облыстық соттың судьялары мен мамандары, облыс орталығында орналасқан соттардың төрағалары мен судьялары, сонымен қатар, аумақтық БАҚ өкілдері қатысты.

Қостанайда сот жас баласы бар ананы үйден шығару туралы әкімдік шағымын қанағаттандырмады

29/11/2016

Қостанай қалалық соты азаматша М-ны және оның жас баласын үйден шығару туралы жергілікті әкімдік шағымын қанағаттандырмады.

Ішкі істер орнадарының қызметкері ретінда азамат Д-ға мемлекеттік тұрғын үй қорынан қызметтік баспана берілген. Қызметтік баспананы жалға алушымен әкімдік арасында келісім-шарт жасалған. Отбасы мүшелері санатына оның жұбайы мен ұлы қосылған. 2015 жылы азамат Д-мен азаматша М. арасындағы неке бұзылып, Д. қызметтік үйді жалға алу туралы келісім-шартты бұзу туралы өтініш жазған.