Шығыс Қазақстан облыстық сотының судьялары Г.С.Михинаны 80-жасқа толу мерейтойымен құттықтады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Шығыс Қазақстан облыстық сотының судьясы М.Ч.Токушева және облыстық сот жанындағы соттармен байланыс Кеңесінің төрағасы, отставкадағы судья  В.Н.Кизаметдинов Шығыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Д.Әміровтың және ШҚО Судьялар Одағының филиалының, сот жүйесінің ардагерлері атынан сот жүйесінің және тыл ардагері -  Михина Галина Степановнаны 80-жасқа толу мерейтойымен  құттықтап, естелік сыйлықтар тарту етті.

Михина Галина Степановна өзінің  еңбек жолын жастайынан бастаған, Өскемен қаласы халық сотының сот хатшысы, нотариус, Шемонаиха, Глубокое және Үлбі аудандық халық соттарының судьясы қазметтерін атқарған.

Ардагер «Ерен еңбегі», «Тың жерлерді игергені үшін», «Тың жерлерді игергенге 50 жыл»,  «Еңбек ардагері» медальдарымен марапатталған. 

Судьялар  мерейтой иесіне  және оның  жақындарына шын жүректен зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, қажымас қайрат, отбасылық бақыт, бейбітшілік пен татулық тіледі.

Өз кезегінде Г.С.Михина өзінің жүріп өткен еңбек жолында жоғарғы оқу орнындағы оқуын тәмәмдамай жатып, халық сотының судьясы ретінде қызмет атқарғаны жөнінде айтып берді.

 Бұл дегеніміз оның еңбекке деген ынтасына, оның кәсіби деңгейінің биіктігіне, оның сот төрелігін сол кездің өзінде атқара алатынына деген сенімінің мықтылығы еді.

Аға буын өкілі Галина Степановнаның жүріп өткен жолы жас судьяларға үлгі болары сөзсіз.

Кездесу соңында Г.С.Михина Шығыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Досжан Әміров пен Шығыс Қазақстан облысының судьялар қауымдастығына ыстық ықыластары үшін  алғысын білдірді.

Источник: 
Шығыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі