Архив событий

18/11/2016

Әскери сот жұртшылыққа және БАҚ өкілдеріне пресс-тур өткізді

18/11/2016

Қазақстан Республикасы Әскери сотында пресс-тур өткізіліп, оның барысында судьялар және Сот әкімшісінің басшысы БАҚ, үкіметтік емес ұйымдардың, адвокатура, нотариат, саяси партиялар өкілдеріне, оған қоса оқу орындарының студенттеріне сот жүйесіне енгізіліп жатқан жаңа ақпараттық технологиялар және олардың артықшылықтары туралы ақпараттандырды.

Қарағанды облыстық сотында қоғам мен БАҚ өкілдері үшін баспасөз туры өтті

18/11/2016

Бүгін Қарағанды облыстық сотында үкіметтік емес ұйымдардың, саяси партиялардың, Қазақстан халқы Ассамблеясының облыстық хатшылығының, жастар ұйымдарының және БАҚ өкілдерінің қатысуымен баспасөз туры өтті.

Қонақтарды Қарағанды облыстық соты төрағасының м.а. Рашид Нұрмағамбетов, БАҚ-пен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіруші судья Қарлығаш Нұрмағамбетова, Қарағанды облысы бойынша соттар әкімшісінің м.а. Дархан Ахашов қарсы алды.

Жоғарғы Сотта заң жобалары бойынша жария тыңдау өтті

18/11/2016

2016 жылғы 18 қарашада Жоғарғы Сотта «Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер енгізу туралы» Конституциялық заңның және «Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы» Заңына өзгерістер енгізу туралы» заңның жобалары бойынша жария тыңдау өткізілді.

Іс-шараға Қазақстан Судьялар Одағының, Жоғары Сот Кеңесінің, Қазақстан Заңгерлер одағының мүшелері, мүдделі мемлекеттік органдар мен қоғам өкілдері, жергілікті соттардың судьялары қатысты.

Бүгін Жамбыл облыстық сотында қоғамның және БАҚ өкілдеріне арналған, баспасөз - туры өткізілді

18/11/2016

Іс-шараның қонақтарын Жамбыл облыстық сотының төрағасы Рүстем Мырзакәрімұлы Алшынбаев, БАҚ-пен іс-қимылды өзара үйлестіруші судьясы Гүлнәр Коминтернқызы Сыздықова, Жамбыл облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Нұрмұхаммат Махаматұлы Абидов, Жамбыл облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Жомарт Қауасұлы Рүстембеков және Жамбыл облысы бойынша Соттар әкімшісінің басшысы Әбдіжәми Әбдірахманұлы Құлдүйсенов қарсы алды.

Шығыс Қазақстан облыстық сотында баспасөз туры ұйымдастырылды

18/11/2016

«100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын іске асыру аясында және Қазақстан Республикасы Судьяларының VII съезі қарсаңында Шығыс Қазақстан облыстық соты  ақпараттық сервистердің презентациясы өткізілді.

Аталған шараға  адвокаттар,  «Қазақстан Халық Банкі», «Еуразиялық Банк», «Қазақтелеком», «Өскемен жылу жүйесі» АҚ-нің, ШҚО ІІД әкімшілік полициясы Басқармасының, ШҚО кәсіпкерлер палатасының, ҮЕҰ-нің, Қазақстан халқың Ассамблеясының,  жастар ұйымдарының, жергілікті билік органдарының депутаттары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Павлодар облыстық соты пресс-тур өткізді

18/11/2016

Павлодар облыстық соты ғимаратында БАҚ, үкіметтік емес ұйымдар, саяси партиялар, Қазақстан Халқы Ассамблеясы, жергілікті өкілетті органының депутаттары, жастар ұйымы өкілдері сот ісін жүргізуге енгізілген ақпараттық сервистер мәселесі бойынша пресс-тур форматында таныстыру кездесуі өткізілді.

Қонақтарды Павлодар облыстық соты төрағасының м.а. Т.Махватов, БАҚ-пен өзара әрекеттесу бойынша үйлестіруші-судья А.Тоғымбетова, «Павлодар облысының Соттар әкімшісі» РММ басшысының орынбасары  Г.Темірова облыстық соттың  холында қарсы алды.