Архив событий

21/11/2016

Жоғарғы Сотта судьялардың VII cъезінің қорытындысы бойынша кеңес өтті

21/11/2016

2016 жылғы 21 қарашада Жоғарғы Сот Төрағасы жұмыс кеңесін өткізіп, онда республика судьяларының VII cъезінде Мемлекет басшысы берген тапсырмаларды орындау міндеттерін айқындады.

Іс-шараға Жоғарғы Соттың алқа төрағалары, Судьялар одағының төрағасы М.Әлімбеков, Судьялар одағы Орталық кеңесінің мүшелері, облыстық және оған теңестірілген соттардың төрағалары, Жоғарғы Сот жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшылығы қатысты.

Көпбалалы ананың тұрғын үй алу кезегі қалпына келтірілді

21/11/2016

Батыс Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы көпбалалы ананың құқығын қорғап, оны тұрғын үй алу кезегінде тұрған тізімге қайтадан алды.

Орал қаласының №2 сотының 24.08.2016 ж. шешімімен А.Раскалиеваның Орал қ. әкіміне "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі " ММ-нің 03.06.2016 жылғы №1580 Қаулысын тану және тұрғын үй алу кезегін қалпына келтіру туралы талап арызынан бас тартылған.

Астанада республика судьяларының VII съезі өтті

21/11/2016

Бүгін Астанада ел Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қатысуымен республика судьяларының VII съезі өтті.

Съезд жұмысына судьялар корпусы, Парламент депутаттары, орталық мемлекеттік органдардың басшылары, сондай-ақ заңгерлер қауымдастығының, халықаралық ұйымдардың, БАҚ пен ҮЕҰ өкілдері қатысты. Барлығы 600-ден астам делегат пен форум қонақтары.