Архив событий

17/11/2016

Тұрғын үй құқығы қорғалды

17/11/2016

Семей қалалық сотында сот орындаушысының іс-әрекетіне шағымдану туралы азаматтық іс қаралды.

В.Владимиров сотқа берешегін өзіне тиесілі үш бөлмелі пәтерге айналдыру жөнінде қаулы шығарған жеке сот орындаушысының іс әрекетін заңсыз деп тану туралы арызданды.

Сот отырысында жеке сот орындаушысында борышкерден банктің пайдасына үлестік тәртіппен берешекті кепілге тұрғын үй түрінде қойылған мүліктен өндіріп алу туралы сот шешімі бойынша атқару өндірісі болғандығы анықталды.

Солтүстік Қазақстан облыстық сотында ақпараттық сервистердің тұсаукесері бойынша баспасөз туры өтті

17/11/2016

Солтүстік Қазақстан облыстық сотында жұртшылық өкілдері мен бұқаралық ақпарат құралдары үшін ақпараттық сервистердің тұсаукесері бойынша таныстыру баспасөз туры өтті.

Іс-шараға бұқаралық ақпарат құралдарының, мемлекеттік емес ұйымдардың, Қазақстан халқы Ассамблеясы филиалының, саяси партиялардың, жастар ұйымының өкілдері қатысты.  

Қызылорда да сот жұмысындағы ақпараттық сервистерді таныстыру мақсатында пресс-тур өтті

17/11/2016

Бүгін Қызылорда облыстық сотында сот жұмысындағы ақпараттық сервистерді жұртшылық пен БАҚ өкілдеріне таныстыру мақсатында пресс-тур өтті.

Шараға саяси партия, халық Ассамблеясы, қоғамдық белсенді көзқарастағы жастар ұйымдары, жергілікті билік өкілдері және депутаттар, үкіметтік емес ұйымдар мен БАҚ өкілдері қатысты.

Ақмола облыстық сотында электронды технологиялардың тұсаукесерін өткізді

17/11/2016

Ақмола облыстық соты электронды сот төрелігін дамыту сұрақтары бойынша қоғам белсенділерімен кездесу барысында облыс соттарымен қолданылатын электронды технологиялардың тұсаукесерін өткізді.

Тұсаукесер рәсіміне Қазақстан халқы Ассамблеясы, саяси  партиялар, жастар ұйымдары, ҮЕҰ, БАҚ өкілдері және облыстың медиаторлары қатысты.

Судьялардың VII съезі қарсаңында Жоғарғы Сот Ұлт Жоспарының барлық қадамдарын табысты іске асырды

17/11/2016

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде Қазақстан Республикасы судьяларының VII съезі мен Ұлт Жоспарын іске асыру шеңберіндегі сот жүйесінің дамуына арналған брифинг өтті.

Брифинг жұмысына Қазақстан Республикасы Судьялар одағының төрағасы Мұсабек Әлімбеков пен Жоғарғы Соттың судьясы Ғалымжан Мырзаке қатысты.

Судьялардың VII съезі ағымдағы 21 қарашада Мемлекет басшысының қатысуымен Тәуелсіздік сарайында өтеді. Іс-шараға барлығы 700 делегат пен съезд қонақтары қатысады.

Қарағандыда жұмыскерді бұрынғы жұмыс орнына сот қайта орналастырды

17/11/2016

Қарағанды қаласы Октябрь ауданының №2 аудандық сотында талапкер М.-ның жауапкер «Қала сырты тасымалдары» АҚ-на жұмысқа қайта орналастыру және жұмысқа еріксіз бармаған күндерге еңбек ақы мен моральдық шығын өтеу туралы талап арызы бойынша азаматтық ісі қаралды.

Онлайн анкеталау Республика соттарының жұмыс сапасына азаматтардың қанағаттануының жоғары сапасын көрсетті

17/11/2016

Жоғарғы Сот «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарымен көзделген қазақстандық соттардағы реформаларды жүзеге асыру барысы мен ағымдағы нәтижелеріне азаматтардың қанағаттану деңгейін анықтау мақсатында процесінің қатысушылары мен «Сот кабинеті» сервисінің басқа да пайдаланушыларының online-анкеталауын жүргізді.

Оралда жұршылыққа және БАҚ өкілдеріне сот органдарының ақпараттық қызметі таныстырылды

17/11/2016

Бүгін Батыс Қазақстан облыстық сотында құқықтық саясаттың 2010-2020 жылдарға арналған Тұжырымдамасында және Ұлт Жоспарының 100 нақты қадамында айқындалған, Қазақстан Республикасы билігінің сот тармағын дамытудың маңызды басымдықтары туралы айтылды.

Қостанай облыстық сотында қоғам және БАҚ өкілдері үшін ақпараттық сервистерді таныстыруға арналған баспасөз туры өткізілді

17/11/2016

Бүгін Қостанай облыстық сотында «Қоғам және БАҚ өкілдері үшін  жаңа ақпараттық сервистерді таныстыру» тақырыбында баспасөз туры өткізіліп, шараға жергілікті атқарушы орган, қоғамдық үкіметтік емес ұйым, Қостанай облысы бойынша Қазақстан халқы Ассамблясы, облыстың медиаторлар ассоциациясы өкілдері, облыстық және қалалық мәслихаттың депутаттары, жоғарғы оқу орындарының оқытушылары мен бұқаралық ақпарат құралдыры қызметкерлері қатысты.  

Қазақстан судьяларының делегациясы Қытайда үшінші Бүкіл дүниежүзілік Интернет-конференциясына қатысты

17/11/2016

Қазақстан делегациясы ҚХР Жоғарғы Халықтық Сотының Төрағасы Чжоу Цяннің шақыртуы бойынша үшінші Бүкіл дүниежүзілік Интернет-конференциясының жұмысына қатысты. Кездесу Чжэцзян провинциясының Учжэнь қаласында бүгін а.ж. 17 қарашасында өтті.

Делегация құрамына Жоғарғы Соттың судьясы Ұлболсын Сүлейменова, Алматы қалалық сотының төрағасы Ақжан Ештай, Жоғарғы Сот аппаратының ақпараттық технологиялар және ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімінің меңгерушісі Серғазы Омаш және Алматы қалалық сотының Соттар әкімшісінің басшысы Данияр Кирикбаев кірді.

Алматы облыстық сотында сот төрелігіндегі электрондық жаңа жүйелердің мүмкіндіктері туралы пресс-экскурсия өткізілді

17/11/2016

Ұлт жоспарының 20-қадамын орындау шеңберінде, республиканың барлық сот мәжіліс залдарын аудио-бейне тіркеу жүйесімен 100% қамту жұмыстарының аяқталуына байланысты Алматы облыстық соты электрондық сот төрелігінің мәселелері бойынша баспасөз-экскурсиясын өткізді.