Қазақстан судьяларының делегациясы Қытайда үшінші Бүкіл дүниежүзілік Интернет-конференциясына қатысты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қазақстан делегациясы ҚХР Жоғарғы Халықтық Сотының Төрағасы Чжоу Цяннің шақыртуы бойынша үшінші Бүкіл дүниежүзілік Интернет-конференциясының жұмысына қатысты. Кездесу Чжэцзян провинциясының Учжэнь қаласында бүгін а.ж. 17 қарашасында өтті.

Делегация құрамына Жоғарғы Соттың судьясы Ұлболсын Сүлейменова, Алматы қалалық сотының төрағасы Ақжан Ештай, Жоғарғы Сот аппаратының ақпараттық технологиялар және ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімінің меңгерушісі Серғазы Омаш және Алматы қалалық сотының Соттар әкімшісінің басшысы Данияр Кирикбаев кірді.

Конференцияның ұйымдастырушысы Қытайдың Жоғарғы Халықтық Соты және Бүкіл дүниежүзілік Интернет-конференциясының хатшылығы. Кездесу ақпараттандыру, сот жүйесін жетілдіру және Интернетте жұмыс істеу барысында кездесетін жалпы проблемаларды талқылауда тәжірибе алмасуға  бағытталған.

Конференция шеңберінде әртүрлі елдер сот жүйелері өкілдерінің, сондай-ақ бірқатар халықаралық ұйымдар, оның ішінде Бүкіл дүниежүзілік банкінің қатысуымен «ақылды сот» форумын өткізу жоспарланған. Қытай тарапынан форумға бас судья және  ҚХР Жоғарғы Халықтық Сотының  судьялары, жергілікті соттардың аға судьялары және соттарды ақпараттандыру жөніндегі жетекші жабдықтаушылар қатысты.

«Ақылды сот» форумының қатысушылары  парасаттандыру және сот құрылысы және сот іс жүргізуінде АТ-қосымшасы, Интернетпен басқаруда сот орнын, соттарда үлкен деректерді парасатты қолдану мәселелерін талқылады. Одан басқа сот ашықтығы, жеке ақпаратты қорғау, сондай-ақ соттарды ақпараттандыру саласында халықаралық ынтымақтастық жөнінде пікірлермен алмасты.

Бірінші  Бүкіл дүниежүзілік Интернет-конференциясын ҚХР 2014 жылы Чжэцзян провинциясының Вужен қаласында жан жақты,  демократиялық және Интернетпен басқаруға ғаламдық ашық жүйені  орнату, бейбіт, қауіпсіз, ашық және киберкеңістікті дамыту мақсатымен өткізілді. 2015 жылы Қытай президенті Си Цзиньпиннің қатысуымен екінші Бүкіл дүниежүзілік Интернет-конференциясы өтті.

Қазіргі кезде ақпараттық толқын, мобильді интернет, әртүрлі веб-қосымшалар, деректердің үлкен көлемі және әлемді қамтыған бұлтты есептер, ақпараттық технологиялар қоғамның барлық салаларына әсер етеді. Жаһандық ақпараттандыру мақсатында, көптеген елдерде сот жұмысында ақпараттық технологияларды қолдануды кеңейту үшін бірқатар жағдайдар жасалған. 2013 жылдан бастап Қытай соттарында сот іс жүргізуінде барлық деңгейде  АТ  енгізу жөнінде жұмыстар жүргізілуде.

Соттарды ақпараттандыру жүйесін енгізу желіаралық алмастыру бөлігінде  қызмет ететін  2.0 нұсқасы  аяқталды. Қазіргі кезде ҚХР соттары барлық деңгейде жүйенің 3.0 нұсқасын және «ақылды сот» енгізуді тездетуде сондай-ақ, Интернетпен басқаруға  белсенді қатысады.

Источник: 
Жоғарғы Соттың баспасөз қызметі