Соттар өз шығыстарын оңтайландыруда

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жоғарғы Сот жанындағы Соттар қызметін қамтамасыз ету департаменті бюджет шығыстарын оңтайландыруға бағытталған кешенді шараларды қабылдауда.

Бірінші кезекте коммуналдық қызмет көрсетулер шығыстарын оңтайландыру бойынша жұмыс басталды. Жүргізілген жұмыс шеңберінде Соттар әкімшілері қуатты үнемдейтін технологияларды енгізуге және жергілікті соттар ғимараттарында энергия қуатының тиімділігін арттыруға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыруда. Мәселен, 2015 жылы жергілікті соттардың 3 ғимараты орталық жылу желісіне қосылды, 47 жылу есептегіш құралдар, 17 индукциялық үлгісіндегі электрлік қазандықтары сатып алынды және орналастырылды. 11 сот ғимараттарында ұзақ жанатын қазандықтар орналастырылды. Жергілікті соттар үшін  41 термореттегіштер сатып алынды, соттардың 4 ғимараты газбен жылыту жүйесіне ауыстырылды.

Осы жаңғырту жұмыстарына кеткен жалпы шығын 46 млн. теңгені құрады. Жүргізілген іс-шаралар қорытындысы бойынша бүгінгі күні шамамен 78 млн. теңге ақшалай қаражатты үнемдеуге қол жеткізілді, ол осы бағытта жұмысты жалғастыруға мүмкіндік берді. Осы үнемдеу есебінен ағымдағы жылы жалпы сомасы 62,8 млн. теңгеге іс-шаралар жүргізілуде, оның ішінде 2 ғимаратты орталық жылу жүйесіне қосу, 33 жылу есептегіш құралын орнату, 5 ғимаратты орталық және газбен жылыту жүйесіне қосу бойынша ЖСҚ әзірлеу, 20 ғимаратта ескі қазандықтарды электр үнемді қазандығына ауыстыру, 10 ғимаратқа ұзақ жанатын және 1 ғимаратқа индукциялы қазандықтарды сатып алу және оны орнату, соттардың 11 ғимаратында газ қазандықтарын орналастыру.

Шығыстарды азайтуға бағытталған басқа да шаралар қызметтік автокөлік құралдарын күтіп ұстауға бөлінген шығыстарды оңтайландыру бойынша да жүргізілді. Осы мақсатта барлық автокөлік құралдарына GPS трекерлер орнатылды. Бұл шара жанар-жағар май материалдарының шығыстарын оңтайландыруға және автомашиналардың мақсатты пайдалануын бақылауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар,  268 бірлік көлікке газ-болонды қондырғы орнату жүргізілді. Көрсетілген іс-шаралардың нәтижесінде автокөлікпен қамтамасыз ету шығыстары 40 млн. теңгеге азайды.

Департаменттің және оның аумақтық органдары осы бағыттағы жұмысты жалғастыруда.

Қайнар: 
Жоғарғы Соттың баспасөз қызметі