Қытай

Қазақстан судьяларының делегациясы ШЫҰ-ға мүше елдер судьяларының семинарына қатысты

15/04/2019

ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің судьялары Шанхайда (ҚХР) өтіп жатқан екі күндік семинарға қатысуда. Форум ШЫҰ үнқатысуы бойынша мүше мемлекеттердің, бақылаушы мемлекеттердің және әріптестердің халықаралық тәжірибе алмасу мен сот ынтымақтастығының ұлттық алаңы болып табылатын Қытай-ШЫҰ базасында өтуде.

Қазақстан судьялары Қытайда оқытудан өтті

13/06/2018

Қытай Халық Республикасының (ҚХР) Ганьсу провинциясының Ланьчжоу қаласында Орталық Азия судьяларына арналған екі апталық семинар өз жұмысын бастады. Осы іс-шараны Қытайдың Жоғарғы Халық Соты, Коммерция Министрлігі және  Ганьсу провинциясының Жоғарғы Халық Соты ұйымдастырды.

Қ.Мәми Қытайдың Жібек жолындағы сот ынтымақтастығы бойынша халықаралық форум жұмысына қатысты

27/09/2017

Қытай Халық Республикасының Жоғарғы Халық Сотының Төрағасы Чжоу Цян мырзаның шақыртуымен Қайрат Мәми Жібек жолындағы сот ынтымақтастығы бойынша халықаралық форум жұмысына қатысу үшін Қытайдың Дуньхуан қаласына (Ганьсу провинциясы) келді.

Форум жұмысына Судан, Венесуэла, Әзербайжан, Тәжікстан жоғарғы соттарының төрағалары, сондай-ақ, 15 шақты елдің сот төрағалары мен судьялары қатысуда.

Қ.Мәми Қытайда Судан, Тәжікстан, Ресей, Түркия және Египет жоғарғы соттарының басшылығымен бірқатар кездесулер өткізді

26/09/2017

Қазақстан Жоғарғы Сотының Төрағасы Қайрат Мәми Қытайдағы жұмыс сапары шеңберінде бірқатар елдердің жоғары сот органдарының басшылығымен екіжақты кездесулер өткізді. Олардың қатарында, Судан және Тәжікстан жоғарғы соттарының төрағалары – Хайдер Ахмед Дафалла пен Шермұхаммад Шохиён, Египет пен Түркияның кассациялық соттары төрағаларының орынбасарлары Фати Эльараби мен Абдулхалик Йылдыз, сондай-ақ Ресей Жоғарғы Соты Төрағасының орынбасары Петр Серков бар.

Қазақстан мен Қытайдың жоғары сот органдары Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

26/09/2017

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Қ.Мәмидің Қытай Халық Республикасына жұмыс сапары басталды. Іс-шара Қытайдың Дуньхуан қаласындағы (Ганьсу провинциясы) Жібек жолындағы сот ынтымақтастығы бойынша халықаралық форум шеңберінде өтуде. 

Атырауда сот Қытай Халық Республикасың студентіне қатысты әкімшілік істі қысқартты

04/04/2017

Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік соты Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 517 бабы 4 бөлігі (көші-қоны заңнамасын бұзу) бойынша Қытай Халық Республикасының азаматшасы Б.-ға қатысты әкімшілік істі қарады.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаға сәйкес, көші-қон бақылау органдары қызметкерлерінің тексеруі барысында Б.-ның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы анықталды. Б. тіркеу кезінде көші-қон карточкасында көрсетілген мерзім өткеннен кейін үш тәуліктен асатын кезең ішінде кетуден жалтарған.

Қытай Жоғарғы Халық Сотының делегациясы Астанаға жұмыс сапарымен келді

12/12/2016

Қытай Жоғарғы Халық Сотының (ҚХР ЖХС) делегациясы Астанаға жұмыс сапарымен келді.

Бұл қазақстандық судьялардың Қытайға жасаған сапарына қарымта іссапар болып табылады. Екі тарап сот ісін жүргізуде ақпараттық технологияларды қолдану саласындағы және банкроттық туралы істерді қараудағы сот практикасының өзгеруі бойынша тәжірибе алмасу туралы уағдаластыққа қол жеткізген болатын.

Қазақстан судьяларының делегациясы Қытайда үшінші Бүкіл дүниежүзілік Интернет-конференциясына қатысты

17/11/2016

Қазақстан делегациясы ҚХР Жоғарғы Халықтық Сотының Төрағасы Чжоу Цяннің шақыртуы бойынша үшінші Бүкіл дүниежүзілік Интернет-конференциясының жұмысына қатысты. Кездесу Чжэцзян провинциясының Учжэнь қаласында бүгін а.ж. 17 қарашасында өтті.

Делегация құрамына Жоғарғы Соттың судьясы Ұлболсын Сүлейменова, Алматы қалалық сотының төрағасы Ақжан Ештай, Жоғарғы Сот аппаратының ақпараттық технологиялар және ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімінің меңгерушісі Серғазы Омаш және Алматы қалалық сотының Соттар әкімшісінің басшысы Данияр Кирикбаев кірді.

Қайрат Мәми Қытайға ресми сапармен барды

11/04/2016

Бүгін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Қайрат Мәми бастаған делегацияның Пекин қаласына (ҚХР) ресми сапары басталды.

Делегация құрамында Жоғарғы Соттың мамандандырылған алқасының судьясы М. Балкен, Ақмола және Батыс Қазақстан облыстық соттарының төрағалары Н. Әбдіқанов пен Б. Әметов,  Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті басшысының орынбасары Ә. Қасенова бар.

Делегация ҚХР Жоғарғы халықтық сотының төрағасы Чжоу Цянмен кездесті.

Беттер