Қазақстан судьялары Қытайда оқытудан өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қытай Халық Республикасының (ҚХР) Ганьсу провинциясының Ланьчжоу қаласында Орталық Азия судьяларына арналған екі апталық семинар өз жұмысын бастады. Осы іс-шараны Қытайдың Жоғарғы Халық Соты, Коммерция Министрлігі және  Ганьсу провинциясының Жоғарғы Халық Соты ұйымдастырды.

Семинардың жұмысына Молдова, Қырғызстан, Тәжікстан мен Өзбекстан судьялары қатысуда. Қазақстан делегациясының құрамына Астана қаласы, Алматы, Батыс Қазақстан, Павлодар, Шығыс қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарынан 6 судья, «Жаңа үлгідегі ең үздік сот актісі» республикалық конкурсының 4 жүлдегер судьясы, сондай-ақ Сот төрелігі академиясының 3 оқытушысы кірді.

Семинарға қатысушыларды Ганьсу провинциясының Жоғарғы Халық Сотының Төрағасы Чжан Хайбо, ҚХР Коммерция Министрлігінің жанындағы Халықаралық коммерциялық қызметшілерді дайындау жөніндегі институттың ҚКП парткомы хатшысының орынбасары Хуан Дэнпинь жылы лебізбен қарсы алды. Сонымен қатар ҚХР-дың Судьялардың мемлекеттік институтының ректоры Хуан Вэнцзюн, ҚХР Коммерция Министрлігінің жанындағы Халықаралық коммерциялық қызметшілерді дайындау жөніндегі институттың ҚКП парткомы хатшысының орынбасары Хуан Дэнпинь, Ганьсу провинциясының ҚКП парткомының тұрақты мүшесі, Саяси-құқықтық комитеттің төрағасы Ма Шичжун сөз сөйледі.

Чжан Хайбо өз сөзінде Ұлы Жібек Жолының бойында халықаралық ынтымақтастықтың «бір белдеу, бір жол» бастамасын жан-жақты енгізу үшін оң заң саласын құру бойынша ҚХР Жоғарғы Халық Сотының ұзақ уақыт жүргізген жұмысын атап өтті.

Семинарға қатысушылар бес секция барысында сот актілерін дайындау техникасын зерделеді, сот отырыстарына қытысу, заң қауымдастығымен кездесулер және зерттеулерді дербес жүргізгені туралы сөз қозғады.

Дәріс берушілер Қытай мен құқық  мәдениетінің жалпы ережелері, жаңа буын басшылығының ел басқару тұжырымдамасы, ұйымдастыру жүйесі, сондай-ақ қылмыстық, әкімшілік процестік жүйе туралы ақпарат берді. Судьялар іс-шараның шеңберінде процестік ресурстарды басқару жөніндегі орталыққа, Қытай соттарының  мұражайларына барды. Ганьсу провинциясы Жоғарғы Халық Сотының және Лунан қаласында «ақылды сотты» құру тұжырымдамасымен танысты.

Источник: 
Жоғарғы Соттың баспасөз қызметі