Атырауда сот Қытай Халық Республикасың студентіне қатысты әкімшілік істі қысқартты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік соты Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 517 бабы 4 бөлігі (көші-қоны заңнамасын бұзу) бойынша Қытай Халық Республикасының азаматшасы Б.-ға қатысты әкімшілік істі қарады.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаға сәйкес, көші-қон бақылау органдары қызметкерлерінің тексеруі барысында Б.-ның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы анықталды. Б. тіркеу кезінде көші-қон карточкасында көрсетілген мерзім өткеннен кейін үш тәуліктен асатын кезең ішінде кетуден жалтарған.

Сотта ҚХР-ның азаматы Б. Атырау қаласының мұнай және газ институтының 2-ші курсы студенті болып, оралман мәртебесін алғаны анықталды. Ол қабылдаушы білім беру ұйымына Қазақстан Республикасы аумағында жүріп тұру құқықтарына арналған құжаттары рәсімдеу үшін уақытылы тапсырған. Білім беру мекемесінің жауапты тұлғасы Б.-ның Қазақстанда болуға құқығына құжаттарды рәсімдеу бойынша шаралар қолданбағаны үшін Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 518 бабының 3 бөлігімен жауаптылыққа тартылған.  

Алайда, жоғарыдағы фактілерге қарамастан, көші-қон бақылау органының лауазымды тұлғасымен студент Б.-ға қатысты Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 517 бабының 4 бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалған.

Сот қаулысымен әкімшілік іс әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамы болмауына байланысты өндірістен қысқартылды.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі