Архив событий

14/11/2016

Қостанай облысында жаңадан тағайындалған судья мен жергілікті соттардың жаңа төрағалары таныстырылды

14/11/2016

Қостанай облыстық сотының ұжымына Қазақстан Республикасы Президентінің осы жылдың 3 қарашасындағы Жарлығымен облыстық сот судьясы және аудандық сот төрағасы болып тағайындалған судьялар таныстырылды.

Қостанай облыстық сотының төрағасы Асламбек Мерғалиев облыстық соттың ұжымына судья Айгүл Исқақованы таныстырды. Бұған дейін ол Рудный қалалық сотының судьясы, соңғы жарты жылда аталған сот төрағасының міндетін атқарған болатын.

Жоғарғы Сот Азаматтық процестік кодекстің комментарийін таныстырды

14/11/2016

Жоғарғы Сот судьялардың VII съезі қарсаңында Азаматтық процестік кодекстің комментарийін таныстыру рәсімін өткізді.

Іс-шараға Парламент Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы Серік Ақылбай, Президент Әкімшілігі Мемлекеттік-құқық бөлімінің меңгерушісі Әлия Рақышева, Парламент депутаттары, орталық мемлекеттік органдардың, шетелдік ұйымдардың өкілдері, судьялар мен құқықтанушы-ғалымдар қатысты.