Архив событий

16/11/2016

Жоғарғы Соттың мамандандырылған сот алқасының төрағасы Сот төрелігі академиясының магистранттарына дәріс оқыды

16/11/2016

Жоғарғы Соттың мамандандырылған сот алқасының төрағасы Айгүл Қыдырбаева Сот төрелігі академиясының магистранттарына республика сот жүйесінің реформаларының жаңа бағытары туралы дәріс оқыды.

А.Қыдырбаева Ұлт Жоспарында Жоғарғы Сотқа бекітілген 11 қадамның іске асырылуы туралы айта келе, отандық сот жүйесінің алдына Мемлекет басшысы жүктеген міндеттердің табысты орындалғандығын мәлімдеді. 

Қостанай облысының судьялары кәсіби қызметін бағалаудан өтті

16/11/2016

Ағымдағы жылдың 7-9 қарашасы аралығында Қостанай облысының судьялары кәсіби қызметін бағалаудан өтті.

Кәсіби қызметі бағаланатын судьяларға еңбек өтілі 5 жылдан 20 жылға дейінгі аралықта болатын судьялар кірді.

Жоспарлы кәсіби қызметі бағалануға жататын 82 судьяның ішінде 80 судья атқаратын лауазымына сай деп танылды, 2 судьяға кәсіби біліктілігін арттыруға және бір жыл өткеннен кейін кәсіби қызметіне қайта бағалау жүргізу жөнінде ұсыным жасалды.

Маңғыстау облыстық сотында сот жұмысы мен ақпараттық технологияларды таныстыру мақсатында пресс тур өткізілді

16/11/2016

Бүгін Маңғыстау облыстық сотында ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының заң үстемдігін қамтамасыз етуге бағытталған 11 қадамының жүзеге асырылғаны туралы хабардар ету және сот жүйесіндегі жаңа электронды технологиялармен таныстыру мақсатында жұртшылыққа арналған пресс тур өткізілді.

Оңтүстік Қазақстан облыстық сотында жаңа ақпараттық сервистерді таныстыруға арналған баспасөз туры өтті

16/11/2016

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облыстық сотында үкіметтік емес ұйымдардың, саяси партиялардың, жергілікті мәслихат депутаттарының, Қазақстан халқы Ассамблеясының облыстық хатшылығының, жастар ұйымдарының және БАҚ өкілдерінің қатысуымен баспасөз туры ұйымдастырылып өткізілді.

Қонақтарды облыстық соттың төрағасы Н.Шәріпов пен БАҚ-пен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіруші судья В.Мирошников ғимараттың холында қарсы алды.

Ақтөбе облыстық сотының төрағасы облыс турғындарымен интернет-конференция өткізді

16/11/2016

Ақтөбе облыстық сотының төрағасы Мұратғали Әкетай облыс тұрғындарымен сот төрелігінің ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету, халықпен диалог орнатып, сот қызметі туралы халықты ақпараттандыру, істерді уақтылы және сапалы қарау мақсатында интернет-конференция өткізді.

Облыс тұрғындары өткізілетін шара туралы алдын ала облыстық соттың ресми сайты арқылы хабардар етілді.