Архив событий

10/11/2016

10 азаматтың еңбек құқықтары қорғалды

10/11/2016

Қызылорда облыстық сотына «Петро Қазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ-ның еңбек шартын бұзу туралы бұйрығын заңсыз деп тауып, жұмысқа қайта орналастыруды және еңбек ақыларын өндіру жайлы 10 азамат апелляциялық шағыммен жүгінген.

Апелляциялық шағымдарында талапкерлер Қызылорда қалалық сотының шешімінің күшін жоюды және талап арызды толық қанағаттандырып, жаңа шешім қабылдауды сұраған.

Қостанай облысында сот білім гранты бойынша шығынды азаматтан өндіру шағамын қанағаттандырмады

10/11/2016

Қостанай облысының Әулиекөл аудандық соты «Қаржы Орталағы» акционерлік қоғамының білім гранты бойынша 1,5 млн. теңге шығынды азамат Д-дан өндіру туралы азаматтық шағымы бойынша істі қарады.

Азамат Д. ауылдық квота бойынша білім грантымен Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында «педагогика және психология» мамандығы бойынша оқыған. Оқу орнынын шотына республикалық бюджеттен 1 545 800 теңге көлемінде қаражат аударылған.

Жоғарғы Соттың жаңа судьясы сайланды

10/11/2016

Бүгін Парламент Сенатының отырысында Мемлекет басшысының ұсынуы бойынша Мергенова Гүлнар Жақсылыққызы Жоғарғы Соттың судьясы болып сайланды. Бұған дейін Г.Ж. Мергенова Астана қалалық сотының судьясы қызметін атқарды, оның жиырма жылдан астам аудандық және облыстық деңгейдегі судьялық жұмыс өтілі бар.

Әскери сот төрағасы Республикалық «Жас Ұлан» мектебінің басшылығымен және жас кадеттерімен кездесу өткізді

10/11/2016

Әскери сотының төрағасы С.Ж.Абдуллаев Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi Генерал С.Қ. Нұрмағамбетов атындағы Республикалық «Жас Ұлан» мектебіне барып, басшылығымен және кадеттерімен кездесу өткізді.

Әскери Сот төрағасымен өткізілген дәріс-әңгімелесу мектеп қызметкерлерін немқұрайлы қалдырмай, кездесу барысында қазақстандық сот жүйесінің жалпы қызметінің мәселелері қарастырылды.

Сот қылмыс жасағаны дәлелденбегені үшін сотталушыны ақтады

10/11/2016

Ақмола облысының Сандықтау аудандық соты бұрын сотталған Лоос Викторға қатысты қылмыстық істі қарап, ол қылмыс жасағаны дәлелденбегені үшін ақталды.

Қылмыстық қудалау органдарымен В.Лоос Т. және Ш-мен спирттік ішімдіктерді ішу барысында оларды ұрып, денсаулықтарына ауыр түрдегі дене жарақаттарын келтіріп, нәтижесінде олардың біреуін абайсызда қазаға ұшыратты деп айыпталған. Сотталушы В.Лоос тағылған айып бойынша кінәсін мойындамады.

Солтүстік Қазақстан облысында соттардың төрағалары таныстырылды

10/11/2016

Солтүстік Қазақстан облыстық сотының жалпы отырысында облыстың аудандық және оларға теңестірілген соттарының қайта тағайындалған төрағаларын таныстыру болып өтті. 

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 3 қарашадағы Жарлығымен Аққайың аудандық сотының төрағасы болып Нұралин Нұрлан Қайырбекұлы, М.Жұмабаев аудандық сотының төрағасы болып Әріпхан Нартай Әскербекұлы, Тайынша ауданының №3 аудандық сотының төрағасы болып Смағұлов Таңат Орынбайұлы тағайындалды.