Архив событий

15/11/2016

Атырауда судьялар, прокурорлар, полицейлер және медиаторлар арасында өзара Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

15/11/2016

Атырау облыстық сотында медиация рәсімінің жан-жақты дамуы бойынша қарым-қатынасты нығайту мақсатында прокуратура, ішкі істер органдарының және медиация орталықтары өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстел модераторы Атырау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Т.Уәлиева өз сөзінде аталған шараның қоғамдық келісімді және қоғамдық тұрақтылықты жүзеге асыруға бағытталған конституциялық принцип негізінде, мемлекеттік өмірдегі маңызды мәселелерді шешуге бағытталғанын атап өтті.

Қазақстан Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы А.Рахметулин Мәскеуде өткен қылмыстық-процестік құқықтың дамуы туралы конференцияға қатысты

15/11/2016

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы А.Рахметулин «ХХІ ғасырдағы қылмыстық-процестік құқықтың даму стратегиясы» бесінші халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның жұмысына қатысты. Қазақстаннан осы іс-шараға Солтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы Ерлан Айтжанов, Бас прокурордың орынбасары Ерлік Кененбаев және т.б. қатысты. 

Конференция Мәскеудегі Ресейлік мемлекеттік сот төрелігі университетінің ғимаратында өтті.

Сот төрелігі академиясының магистранттары Беларусь мемлекеттік университетінде тағылымдамадан өтті

15/11/2016

Ағымдағы жылғы 10 қарашада ғылыми тәжірибе алмасу шеңберінде Жоғарғы Сот жанындағы Сот төрелігі академиясының магистранттары Минск қаласына (Беларусь Республикасы) тәжірибеден өтті.

Академия магистранттары Беларусь мемлекеттік университетінің базасында Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеуге арналған кездесу өткізді.

Павлодар аудандық сотының төрағасы таныстырды

15/11/2016

Павлодар облыстық сотының төрағасы Мұхтар Смағұлов аумақтық сот корпусына Павлодар аудандық сотының жаңа төрағасымен таныстырды.

2016 жылғы 03 қарашадағы № 368 Мемлекет басшысы Жарлығымен алдағы уақытта Атырау облысы Қызылқоға аудандық сотының төрағасы болып қызмет атқарған Айдарбек Сағынұлы Дүйсенбалиев Павлодар аудандық сотының төрағасы қызметіне тағайындалды.