Архив событий

01/11/2016

Маңғыстау және Атырау облыстарының судьялары мерзімді кәсіби қызметін бағалаудан өтті

01/11/2016

Сот жюриінің біліктілік комиссиясы 2016 жылдың 25-26 қазаны аралығында Маңғыстау және Атырау облыстары соттары судьяларын мерзімді кәсіби қызметін бағалаудан өткізді.

Кәсіби қызметі бағаланатын судьяларға, еңбек өтілі 5 жылдан 20 жылға дейінгі аралықта болатын судьялар кіреді.

Аталған екі облыстан 71 судьяның кәсіби қызметін бағалау нәтижесі бойынша:

-  70 судья атқаратын лауазымына сай деп танылды;

Жоғарғы Соттың Төрағасы Қ.Мәми Сот төрелігі академиясының магистранттармен және профессорлық-оқытушылық құрамымен кездесті

01/11/2016

Бүгін Жоғарғы Соттың Төрағасы Қ. Мәми Сот төрелігі академиясының магистранттармен және профессорлық-оқытушылық құрамымен кездесті. Іс-шара Жоғарғы Сот ғимаратында өтті.

Жаңа Азаматтық процестік кодекс еліміздің құқықтық кеңістігін жақсартты

01/11/2016

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде жаңа Азаматтық процестік кодекстің Ұлт Жоспарын іске асырудағы рөліне арналған брифинг болып өтті.

Іс-шараға Жоғарғы Сот судьясы Ұлбосын Сүлейменова, Парламент Мәжілісінің депутаты, Қазақстан халқы Ассамблеясы Медиация кеңесінің төрағасы Бақытжан Әбдірайым, Бас прокуратура 4-ші Департаменті Ұйымдастыру-талдау бөлімінің басшысы Қайрат Раисов қатысты.

Павлодар қалалық соты мүгедектің баспана алу кезегінен алып тастау туралы тұрғын үй коммисиясының шешімін күшін жойды

01/11/2016

Павлодар қалалық сотында «Павлодар қаласының тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдар бөлімі» ММ-не мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана алу кезегінен алып тастау бойынша қала тұрғын үй коммисиясының шешімін күшін жою және заңсыз деп тану туралы азамат Ш-ның арызы қаралды.