Жоғарғы Соттың Төрағасы Қ.Мәми Сот төрелігі академиясының магистранттармен және профессорлық-оқытушылық құрамымен кездесті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Жоғарғы Соттың Төрағасы Қ. Мәми Сот төрелігі академиясының магистранттармен және профессорлық-оқытушылық құрамымен кездесті. Іс-шара Жоғарғы Сот ғимаратында өтті.

Қ. Мәми Сот төрелігі академиясының Мемлекеттік басшысының тапсырмасы  бойынша «100 нақты қадам: баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» Ұлт жоспарының 18-қадамын орындау үшін құрылғанын атап өтті. Жоғарғы Соттың жанынан Академияның құрылуы және жұмыс істеуі заң үстемдігін қамтамасыз етудің маңызды қадамдарының бірі ретінде айқындалған. Оны құру кезінде халықаралық тәжірибелер зерделенді, ЭЫДҰ мен Еуропа судьялары хартиясының ұсынымдары, Халықаралық судьялар қауымдастығының және Еуропа судьялары консультациялық кеңесінің қорытындылары назарға алынды.

Жоғарғы Сот Академиямен бірлесіп  барлық қажетті нормативтік құқықтық базаны дайындады, профессорлық-оқытушылық құрамды қалыптастырды, қаржы және материалдық-техникалық қамтамасыз ету мәселелерді шешті. Бүгін Академия өзінің алдында тұрған міндеттерді шешуге толығымен дайын.

2016 жылғы магистранттарға сөзін арнай отырып, Қ. Мәми олардың бәрінің заңгерлік мамандық бойынша жеткілікті жұмыс тәжірибесінің барына және түсу емтихандары барысында жіті іріктеуден өткеніне ерекше тоқталды. «Жоғарғы Сот жанындағы Сот төрелігі академиясының алғашқы, сондықтан айрықша түлектері: сот жүйесін тыңғылықты теоретикалық дайындығы бар, білімдерін іс жүзінде дұрыс қолдана алатын жаңа формациядағы кадрлармен толықтыруға тиіс. Қазірден бастап Әділдікке қызмет етушілерге жүктелетін жауапкершілікті терең сезіну қажет»,- деді Жоғарғы Соттың Төрағасы.

Академияның профессорлық-оқытушылық құрамымен кездесу кезінде жаңа формациядағы заңгерлер кадрларын даярлау елдің индустриялық-инновациялық дамуын қамтамасыз етудің және зияткерлік әлеуетін арттырудың маңызды шарттарының бірі болып табылады.

Академияның жаңа мәртебедегі негізгі міндеті - сот қызметінің ерекешілігін ескере отырып, оқу процесін өзгерту болып табылады. Бүгінгі күні акцент ақпарат беруден судьяның кәсібі біліктілігін қалыптастыруға жасалуға тиіс. Айрықша мәртебеге ие бола отырып, Академияның өзі дербес білім беру, ғылыми және әдістемелік салада негізгі ережелерді әзірлеп, практикаға енгізуге, мамандар дайындаудың жаңа бағыттарын айқындауға, оларды оқытудың мерзімі мен нысандарын белгілеуге құқылы.

Қ. Мәми «Сот төрелігін жүзеге асыру үшін тыңдаушыны психологиялық және моральдық-этикалық дайындау маңызды болып табылады. Бірінші кезекте, оқу жоспарлары мен бағдарламалары тыңдаушыларды құқық қолдануға машықтандыруға тиіс.» - деп атап өтті.

Судьялық кадрларды даярлау және қайта даярлау үшін ғылыми базаны  қамтамасыз ете отырып, Академияның ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижелерін үшін оқу процесіне енгізу қажет.

Академияны одан әрі дамыту перспективасы Сот білімінің 2017-2020 жылдарға арналған стратегиясының жобасында көзделген. Қазіргі кезде ол талқылау және пысықтау кезеңінен өтуде.

Басшылық пен профессорлық-оқытушылық құрамның алдына оқу және ғылыми-зерттеу процестерді дамыту бойынша бірқатар міндеттер қойылды, сонымен қатар оқу орнын одан әрі жаңғыртудың бағдары айқындалды.

 

Қайнар: 
ҚР Жоғарғы Сотының баспасөз қызметі