Қарағандыда жұмыскерді бұрынғы жұмыс орнына сот қайта орналастырды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қарағанды қаласы Октябрь ауданының №2 аудандық сотында талапкер М.-ның жауапкер «Қала сырты тасымалдары» АҚ-на жұмысқа қайта орналастыру және жұмысқа еріксіз бармаған күндерге еңбек ақы мен моральдық шығын өтеу туралы талап арызы бойынша азаматтық ісі қаралды.

Талапкер пойыз басшысы қызметін атқарып жүргенде, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 52 бабының 1 бөлігі 16 тармағына сәйкес, яғни тәртіптік жазаға тартылған жұмыскердің өз қызметтік міндеттерін еш себепсіз атқармағаны немесе дұрыс атқармағаны үшін жұмыс берушімен жұмыстан шығарылып жіберілген. Сонымен, жолаушылар пойызын ревизиялық тексеру нәтижесінде 22 жолаушы жол жүру билетінсіз тасымалданғаны талапкерді жұмыстан шығару негізіне айналған.

Жолаушыларды, жүктерді және ауыр жүктерді теміржол көлігімен тасымалдау Ережесін бұзу арқылы, қызметтік ережені бұзғаны үшін бұған дейін сөгіс жариялау түріндегі тәртіптік жазаға тартылғанын ескере отырып, жұмыс беруші талапкермен еңбек шартын бұзуға шешім қабылдаған.

Сот отырысында талапкерді сөгіс жариялау түріндегі тәртіптік жазаға заңсыз тартылғаны анықталды.

Өз қызметтік міндеттерін еш себепсіз атқармағаны немесе дұрыс атқармағаны үшін тәртіптік жазаға тартылуының қайталануын сот жоққа шығарып, талапкер өз қызметіне қайта орналастырды. Сондай-ақ оның пайдасына жұмысқа еріксіз бармаған күндерге еңбекақы мен моральдық шығын және сот шығындары өндірілді.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Қарағанды облыстық сотының баспасөз қызметі