Шығыс Қазақстан облыстық сотының ұйғарымымен ғимарат құрылысын тоқтату туралы дау медиация тәртібінде қысқартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шығыс Қазақстан облыстық сотының азаматтық істері жөніндегі сот алқасымен ғимарат құрылысын жедел арада тоқтату туралы азаматтық іс медиация тәртібінде қысқартылды. Азамат Е., Х.-ға меншік құқығындағы оған тиесілі жердегі ғимарат құрылысын жедел арада тоқтату туралы талап арызымен сотқа жүгінді.

Семей қалалық сотының шешімімен талап арыз ішінара қанағаттандырылған.

Алайда, тараптар аппеляциялық инстанциядағы сотқа медиация жүргізу туралы өтініш-хатпен жүгініп, нәтижесінде алқаға дауды медиация тәртібінде реттеу туралы жазбаша түрдегі келісімді ұсынды.

Алқа тараптардың дауды медиация тәртібінде реттеу туралы  келісімін сотпен бекітілуге жатады деген шешімге келе отыра, келісімнің заңды әрі басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын бұзбайтындықтан, тараптардың ішкі еркі олардың сыртқы ерік жігерімен сәйкес келетіндіктен, Қазақстан Республикасының 2011 жылдың 28 қаңтардағы «Медиация» туралы Заңының 27-бабы, 2-бөлігінің талаптары сақталғандықтан бітімгершілік келісімді бекітті.

Тараптарға келімді бекітуден бұрын оның заңды салдарлары түсіндірілді.

Талапкермен төленген мемлекеттік баж кері қайтарылды. 

Қайнар: 
Шығыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі