Архив событий

24/08/2017

Екібастұз қалалық соты жұмыс берушіден жұмыскердің пайдасына моральдық зиянды өтеу есебіне 4 миллион теңге өндірді

24/08/2017

Екібастұз қалалық сотында азамат А-ның  «Еуроазиаттық Энергетикалық Корпорациясы» АҚ-на кәсіптік жарақат алу салдарынан келтірілген моральдық зиянды өтеу туралы талабы бойынша азаматтық іс қаралды.

Қылмыстық процесті жаңғырту мәселелері бойынша брифинг өтті

24/08/2017

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте құқық қорғау органдары, сот және басқа да мемлекеттік органдардың өкілдері құқық қорғау қызметін жетілдіру және қылмыстық процесті реформалаудың негізгі жолдарын талқылады.

Бұл іс-шараға Жоғарғы Соттың қылмыстық істер бойынша сот алқасы төрағасының мінедетін атқарушы Ерден Әріпов, Бас Прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов пен Ішкі істер министрінің орынбасары Рашид Жақыпов қатысты.

Батыс Қазақстан облысының соттары қылмыстық істерді сотқа дейін тергеп- тексеру және қылмыстық процестегі азаматтырдың мүддесін оңтайландыру мәселелері бойынша «дөңгелек үстел» өткізді

24/08/2017

Батыс Қазақстан облыстық соттарында қылмыстық істерді сотқа дейін тергеп-тексеру және қылмыстық процестегі азаматтырдың мүддесін оңтайландыру мәселелерін зерттеу бойынша үлкен жұмыс өткізілді.

Тергеп-тексеру тиімділігін жақсартуда және жедел әділ сот атқару мақсатында облыс соттарында «Жеделдетілген сотқа дейін өндіріс,  келісім өндірісі және қылмыстық істерді қысқартылған тәртіппен қарау» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті.

Маңғыстау облысының соттары БАҚ өкілдерімен өзара ынтымақтастық жөнінде меморандумға қол қойып, байланыстарын бекітті

24/08/2017

Маңғыстау облыстық сотында судьялар мен сот қызметкерлерінің қатысуымен Маңғыстау облыстық сотының төрағасы м.а. Нұрсапа Примашев пен «Маңғыстау медиа» ЖШС директоры Сағындық Рзахметов өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандумға салтанатты түрде қол қойды.