Архив событий

28/08/2017

Жоғарғы Сотта Конституция күніне арналған салтанатты жиналыс болып өтті

28/08/2017

Бүгін Жоғарғы Сотта Конституция күнін мерекелеуге арналған салтанатты жиналыс өтті.

Іс-шараға Жоғарғы Соттың судьялары, республиканың Судьялар одағының мүшелері, Жоғарғы Сот жанындағы  судьялардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшылығы мен қызметкерлері қатысты. Іс-шараны Жоғарғы Сот Төрағасы ашып, қатысушыларды келе жатқан Конституция күнімен құттықтады.

Жоғарғы Сот пен «Астана» халықаралық қаржы орталығы арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

28/08/2017

Бүгін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Қайрат Мәми, «Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) басқарушысы Қайрат Келімбетов, Англия және Уэльстің бұрынғы Жоғарғы судьясы Лорд Гэрри Вульф Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты және АХҚО арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.  

Іс-шараға Грузия Жоғарғы Сотының Төрағасы Нино Гвенетадзе, Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағалары, Жоғарғы Сот жанындағы соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің  басшылығы, сонымен қатар АХҚО  өкілдері қатысты.

Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы іссапармен Мақтаарал, Шардара және Сарыағаш аудандарында болды

28/08/2017

Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы Талғат Баратбековтің Мақтаарал ауданының №2 аудандық сотына жоспарланған қызметтік іс-сапарының аясында Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы талқыланды.