Архив событий

21/08/2017

Жұмабаев аудандық сот өз еңбегі үшін еңбекақысын алуда конституциялық құқығын қалпына келтірді

21/08/2017

Солтүстік Қазақстан облысының М.Жұмабаев аудандық сотына азамат А. «Молодгвардейское» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне еңбекақы бойынша берешегін өндіріп алу туралы арызымен жүгінген.

А. өзінің арызында «Молодгвардейское» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде 2014 жылдың 12 қарашасынан бастап жұмыс істейтіндігін, еңбекақысын тұрақты түрде алмайтындығын, соның салдарынан 2016 жылдың 1 қазанынан бастап 2017 жылдың 1 тамызына дейінгі мерзімде 1 635 785 теңге сомасын құрайтын еңбекақы бойынша берешек жиналғанын көрсеткен.

Оралда сот сараптама қызметінің мәселелері бойынша «дөңгелек үстел» өтті

21/08/2017

Оралда сот сараптама қызметінің мәселелері мен сараптама жасау бойынша туралы заңнаманы қолдану тәжірибесі бойынша «дөңгелек үстел» өтті.

Шараға азаматтқ істерді қарауға бейімделген судьялар, БҚО бойынша сот сараптамалары институтының  сот сараптама қызметінің басшылары, сот сарапшылары және «Облыстық психикалық деңсаулық орталығының» сарапшылары қатысты.

Аса ірі мөлшерде бөтеннің мүлігін жымқырғаны үшін сотталды

21/08/2017

Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов аудандық сотында Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 189-бабының 4-бөлігінің 2-тармағымен (Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен, аса ірі мөлшерде  иемденіп алып талан таражға салып жымқырған) айыпталып сотқа берілген А. және Б-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Істің құжаттарына сәйкес, сотталушы А. 2012 жылдан бастап ауызша келісім шарт бойынша жәбірленуші Ж.-ға тиесілі малдарды ақыға бағуға келісіп, аталған малдарды өз жауаптылығына алған.

Шығыс Қазақстан облысының судьялары Судьялар Одағы филиалының ұйымдастыруымен "Берел қорғаны" және «Жидебай» шатқалдарына барды

21/08/2017

Шығыс Қазақстан облысының судьялары «Рухани жаңғыру» қоғам санасының жаңғыруы бағдарламасын, сондай-ақ Абайдың «мұражай-үй», Этнографиялық-тарихи мұражайымен бірлесе жасалған меморандумды іске асыру аясында Берел қорғаны, «Жидебай», «Қоңыр-Әулие» шатқалы - тарихи да көрікті жерлеріне барып қайтты.

Бір мезгілде тарихи жерлерді аралауға Өскемен қаласы мен Семей қалаларынан 40 адамнан астам қастықан екі экспедиция жолға шықты.