Архив событий

10/08/2017

Солтүстік Қазақстан облысының облыстық соты жәбірленушінің пайдасына 3 000 000 теңге сомасында моральдық шығынды өндіріп алу туралы бірінші сатыдағы сот шешімін өзгеріссіз қалдырды

10/08/2017

Петропавл қалалық №2 сотына Р.Х.Бапаева В.В.Кочергинге моральдық шығынды өтеу, жол көлік оқиғасы нәтижесінде келтірілген залалдың орнын толтыру туралы талап арызымен шағымданған.

Көрінеу жалған көрсетпе бергені үшін сотталды

10/08/2017

Зырян ауданының № 2 аудандық сотында  ҚР ҚК  420-бабы, 2-бөлімі - сарапшының, маманның көрiнеу жалған айғақтары, қорытындылары немесе қате аударма бойынша аса ауыр қылмысқа қатысты куәгердің жалған көрсетпе бергені жайлы  қылмыстық іс қаралды.

Атырауда қарақшылық шабуыл жасағандар сотталды

10/08/2017

Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қарақшылық шабуыл жасаған екі адамға қатысты үкім шығарды.

Сотта анықталғандай, сотталушылар М. және С.  «Оса» тапаншасымен қаруланып, беттеріне бет-перде киіп жеке меншік үйге баса-көктеп кіріп келеді. Сөйтіп үй ішіндегі 59 жастағы әйел адамның қол-аяғын байлап, тапаншамен қорқытып, үйдегі 23 030 965 теңге ақшаны және жалпы құны 870 000 теңгені құрайтын алтын бұйымдарды алып,  оқиға болған жерден бой тасалайды.

Алматы облыстық сотында татуластыру рәсімдері бойынша сұрақтар талқыланды

10/08/2017

Алматы облыстық сотында облыстық және аудандық соттардың судьялары, адвокаттар мен медиаторлардың қатысуымен «Татуластыру рәсімдері. Дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу және оның орындалуы» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді. Бір ерекшелігі, шалғай аудандардағы медиаторлар мен адвокаттар бейнебайланыс арқылы іс-шараға қатысты. Іс-шараның модераторы ретінде облыстық сотының судьясы, оқу бағдарламаларының үйлестірушісі С. Нұрқасымова болды.

Пікірлер мен ұсыныстар