Жұмабаев аудандық сот өз еңбегі үшін еңбекақысын алуда конституциялық құқығын қалпына келтірді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Солтүстік Қазақстан облысының М.Жұмабаев аудандық сотына азамат А. «Молодгвардейское» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне еңбекақы бойынша берешегін өндіріп алу туралы арызымен жүгінген.

А. өзінің арызында «Молодгвардейское» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде 2014 жылдың 12 қарашасынан бастап жұмыс істейтіндігін, еңбекақысын тұрақты түрде алмайтындығын, соның салдарынан 2016 жылдың 1 қазанынан бастап 2017 жылдың 1 тамызына дейінгі мерзімде 1 635 785 теңге сомасын құрайтын еңбекақы бойынша берешек жиналғанын көрсеткен.

М.Жұмабаев аудандық соты Қазақстан Республикасы Конституциясының 28-бабын басшылыққа ала отырып, «Молодгвардейское» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен азамат А.-ның пайдасына 1 635 785 теңге көлемінде еңбекақы бойынша берешек сомасын өндіріп берді.

Қайнар: 
Солтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі