Архив событий

11/08/2017

Батыс-Қазақстан облыстық сотының сот алқасының төрағасы Қ.Адранов Жаңақала және Бөкейорда ауданының тұрғындарымен кездесті

11/08/2017

Батыс Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Қайрат Адранов жұмыс сапарын жасап, Жаңақала және Бөкейорда аудандарында жергілікті тұрғындармен және аудан активтерімен кездесті.

Шара реформалардың сот төрелігін жүзеге асырудағы тиімділігі және сот жүйесінде орындалуы, сонымен қатар сот корпусының алдын қойған тапсырмаларымен халықты хабардар ету мақсатында ұйымдастырылды.

Азаматтық іс медиация тәртібінде қысқартылды

11/08/2017

Абай аудандық сотында талапкер «ШҚО бойынша мамандандырылған күзет қызметі» ММ-і жауапкер Е.-га қатысты артық төленген ақша қаражатын қайтару туралы талап арызбен жүгінген.

Сот мәжілісінде медиация тәртібімен тараптар келісімге келіп, келісімге сай жауапкер талапкерге  төленген артық соманы 2017 жылдың 10 қыркүйегіне дейін қайтаратынын, ал талапкер өз талаптарынан бас тартатыны жөнінде медиациялық келісім шарт жасасты.

Осыған байланысты аталған азаматтық іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды.

Балалар үйінің тәрбиеленушісіне мұрагерлікті қабылдау мерзімін қалпына келтірді

11/08/2017

Абай аудандық сотына азаматша В.-дан қала әкіміне мұраны қабылдау мерзімін қалпына келтіру туралы талап арыз түсті.

Азаматша К. қайтыс болған соң мұра ашылған, жергілікті атқару органымен куәландырылған өсиет бойынша талапкер мұра иесі болып табылады. Алайда, мұраны қабылдау мерзімінің алты айлық уақытын өткізіп алғандықтан нотариус мұраға құқық беру куәлігін беруден бас тартқан.

Істі қарау барысында мұрагердің дәлелді себептер бойынша мұрагерлікті қабылдау мерзімін өткізіп алғандығы анықталды.

Жалдамалы жұмысшылардың жасаған жөндеу жұмысының салдары

11/08/2017

Тараптар өзара талапкердің пәтерінде жөндеу жұмыстарын жүргізу бойынша ауызша келісімге келген, онда жауапкерлер жөндеу жұмыстарын соңына дейін  орындауға міндеттенген.

Алайда жауапкерлер жұмыстың бір бөлігін кемшіліктермен орындап, құрылыс материалдарын жарамсыз күйге жеткізген.

Жұмыстардың орындалу барысында талапкер бірнеше рет кемшіліктерді жою және бүлінген материалдарды ауыстыру бойынша ауызша шағымдар айтқан, бірақ жауапкерлер материалдық құндылықтарды алып кетіп, жасырынған.