Архив событий

17/08/2017

Сарыарқа аудандық сотына базалық соттың мәртебесі берілді

17/08/2017

Аудандық және оларға теңестірілген соттардың төрағаларының, судьялардың,  кеңсе қызметкерлерінің кәсіби дайындық деңгейін арттыру, сот процестерін жүргізу мәдениетін жақсарту, сот төрелігін іске асыруды сапасын арттыру, тағылымдамадан өту жұмыстарын ұйымдастыруды жақсарту, іс қағаздарын жүргізу мен жұмысты ұйымдастыру мақсатында Астана қалалық соты төрағасының 2017 жылғы 10 тамыздағы өкімімен Сарыарқа аудандық сотына базалық соттың мәртебесі берілді.

Шығыс Қазақстан облыстық соты судьяларға арналған әдістемелік ұсыныстарды шығарды

17/08/2017

Шығыс Қазақстан облыстық сотымен судьяларға арналған әдістемелік ұсыныстардың жинағы шығарылды.

Жинақта неғұрлым көп қаралатын азаматтық істер бойынша сұрақтар мен жекелеген санаттағы азаматтық істер бойынша анықтауға жататын мән-жайлар туралы жазылған.

Қызылорда облыстық сотының сот алқасы дауды сот медиациясы тәртібімен реттеді

17/08/2017

Қызылорда қалалық сотының шешіміне сәйкес талап қоюшы «Изоплюс Орталық Азия» ЖШС-нің пайдасына жауапкерлер «Ақмешіт-Мелиоратор» ЖШС-і мен Е.Қалмахановтан ортақтасқан түрде 26 054 321 теңге берешек қарызы өндірілген.

Емхананың әрекеттерімен бұзылған азаматтың құқықтары қорғалды

17/08/2017

Талапкер Семей қалалық сотына № 6 аралас үлгідегі емханасына талап арызбен жүгіне келе, оның қайтыс болған жұбайы Чернобыль атом электростанциясы апаты зардабын жою жұмыстарына қатысқанын, оның салдарынан ауруға шалдығып 3-топтағы мүгедек болғанын көрсеткен. Денсаулығының нашарлауына байланысты Семей қалалысының Мемлекеттік Медициналық Университетінің Медициналық Орталығына «Жүректің ишемиалық ауруы. Жіті миокард инфарктысы» диагнозымен жатқызылған. Одан шығып, 10-күннен кейін күйеуі қайтыс болған.

Батыс Қазақстан облыстық сотында ҚР сот жүйесін ақпараттандырудағы Тұжырымдаманы жүзеге асыру бойынша семинар өтті

17/08/2017

2020 жылға дейін ҚР сот жүйесін ақпараттандыру Тұжырымдамасын жүзеге асыру аясында 2014 жылы сот органдарының 1401 бірыңғай нөмерімен, азаматтардың өтінішін электронды тіркеу және Call-орталығы  деп аталатын жүйе бойынша Жоғарғы сотта қабылдау жұмысы жасады.

Жүйенің негізгі бағыты азаматтар тарапынан сот өндірісіне деген шығындарды азайту, Call-орталығы арқылы заңды тұлға және мемлекеттік кеңес алуға болатын болды