Архив событий

18/08/2017

Батыс Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі алқа төрағасы Ақжайық ауданының тұрғындарымен кездесті

18/08/2017

Батыс Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі алқа төрағасы Ақан Жұмағұлов Ақжайық ауданына жұмыс сапарымен жол жүріп, аудан орталығы Шапай және Тайпақ ауылында аудан тұрғындарымен кездесті.

Кездесуге аудан әкімдері, жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының басшылары, маслихат депутаттары, мемлекеттік емес мекеменің өкілдері және БАҚ қатысты.

Шара жергілікті белсенді тұрғындардың қатысуымен олардың сот қызметіне қатысты әр түрлі сұрақтар қоюларымен бағаланды.

Қарағанды облыстық сотының сот алқасы дауды сот медиациясы тәртібімен реттеді

18/08/2017

Октябрь аудандық сотының шешіміне сәйкес талап қоюшы Г.Кусманованың пайдасына жауапкерлер «Ануар» сауда орталығының директоры жеке кәсіпкер Ж.Мадиева, Ж.Бегимовтен моральдық және материалдық залал өндіру туралы талап арызы ішінара қанағаттандырылған.

Атырау судьялары аудан орталықтарында алқабилер соты және татуластыру рәсімдері институттары туралы үгіт – насихат жүргізді

18/08/2017

Атырау облыстық сотының жоспары бойынша Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Г.Даулетова мен Жылыой аудандық сотының төрағасы Б.Жұмабаев  Жылыой, Мақат аудандарының халқымен кездесулер өткізді.

Аталған шара қылмыстық істерді  алқабилердің қатысуымен қарау ерекшеліктері мен татуластыру рәсімдерін түсіндіруге бағытталды.

Аудан тұрғындарынан басқа шараға облыстық және аудандық прокуратуралардың, адвокатураның және жергілікті әкімдіктің өкілдері шақырылды.

Орал қаласында тараптар партисипативтік рәсімі тәртібімен келісімге келді

18/08/2017

БҚО мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты азаматтық іс бойынша жеке кәсіпкердің  ЖШС директорына қарыз сомасын өндіру туралы талап арызын партисипативтік келісіммен қысқартты.

АПК 181 б. күшіне сай, тараптар партисипативтік рәсім тәртібімен дауды реттеу туралы қолдаухат мәлімдеуге құқылы, ол екі тараптың адвокаттарының жәрдемдесуімен жүргізіледі.

Сот мүгедек баланың құқықтарын қорғады

18/08/2017

Алматы облысының №1 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен азамат А- ның алимент мөлшерін азайту туралы талап тілегі бойынша азаматтық іс қаралды.

Солтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы Айыртау ауданының соттарына жұмыс сапарымен барып қайтты

18/08/2017

Солтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы Ерлан Айтжанов  өңір бойынша жұмыс сапары барысында Айыртау аудандық соты және Айыртау ауданның №2 аудандық сотында болып қайтты.  

Аудан орталығы Саумалкөл селосында төрағаның аудан белсенділерімен кездесуі өтті. Жиналыста Е. Айтжанов Ұлт Жоспарында көзделген реформалар аясындағы өз тиімділігін көрсеткен Қазақстанның сот жүйесіндегі соңғы өзгерістерге тоқталып өтті. Осындай бағаны Мемлекет басшысы өткен жылдың қарашасында болған судьялардың VII съезінде берген.

Ақмола облыстық сотының төрағасы «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі Ақмола облыстық филиалының ардагерлерімен кездесті

18/08/2017

Ақмола облыстық сотының төрағасы Досжан Әміров «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі Ақмола облыстық филиалының белсенділерімен кездесу өткізді.

Кездесуде Ақмола облыстық сотының төрағасымен Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының негізгі ережелерін түсіндірілді.

Ақтөбе облыстық сотында қылмыстық-процестік кодекске енгізілген өзгерістер мен толықтырулар талқыланды

18/08/2017

 Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығындағы жұмыс қорытындысы бойынша хаттамалық тапсырмасын орындау мақсатында Ақтөбе облыстық сотында «дөңгелек үстел» өткізілді.

«Дөңгелек үстел» жұмысына облыстың тергеу судьялары, құқық қорғау органдарының бірінші басшылары , сондай-ақ бейнебайланыс арқылы аудандық соттардың төрағалары мен тергеу судьялары қатысты.