Сот мүгедек баланың құқықтарын қорғады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы облысының №1 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен азамат А- ның алимент мөлшерін азайту туралы талап тілегі бойынша азаматтық іс қаралды.

Ол өзінің талабын екі некеден екі баласы бар және сот актілерінің негізінде, жауапкерлердің пайдасына барлық табыс түрлерінен баланы асырап бағу үшін ¼ бөлігі мөлшерінде алимент өндірілетінін және өндіріп алынатын алименттің жалпы мөлшері оның жалақысы және(немесе) кірісінің жартысын құрайтынымен білдірді.  Ол әскери қызметкер болғандықтан, басқа қызмет атқара алмайды, яғни айлық жалақыдан басқа кірістері жоқ. Жалдамалы пәтерде тұратынын, сондай-ақ айлық табысынан несие төлейтінін айтып өтті. Жоғарыда көрсетілген мән-жайларға және материалдық қиыншылықтарға  байланысты жауапкерлерге 1/6 алимент мөлшерін барлық айлық табысынан азайту туралы талап тілек білдірді.  

Азамат А-ның талап тілектері сот шешімімен қанағаттаңдырусыз қалдырылды.

Сондай-ақ, азаматтық іс бойынша мүгедек баланы асырап отырған жалғыз басты анаға талап тілек қойылған, яғни әскери қызметкері бола тұра, этикалық және ар-намыс заң талаптарының сақталмауына байланысты Қазақстан Республикасының Қорғаныс Министлігіне жеке ұйғарым шығарылды.

Азаматтық істі қарау барысында азамат А-мен кәмелетке толмаған мүгедек баласына алимент төлеп қана жүрген, ал баланың денсаулығымен, тәрбие беру, басқа да материалдық көмек көрсету  сияқты қызығушылық білдірмеген.

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесінің 1994 жылғы 8 маусымдағы қаулысымен ратификацияланған бала құқықтары туралы Конвенцияның 27-бабына сәйкес, мемлекеттік қатысушылары әр баланың құқығын мойындап  өмір сүру деңгейінде, физикалық, психикалық, рухани, имандылық және әлеуметтік даму үшін қажетті. 

Ата-аналар немесе олардың қабілеттері мен қаржылық мүмкіндіктері шегінде қамтамасыз етуге, негізгі жауапкершілікті бар баланы тәрбиелеп отырған өзге де адамдар, баланың дамуы үшін қажетті өмір сүру жағдайын жасайды.

Сот шешімі және жеке ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Алматы облыстық сотының баспасөз қызметі