алимент

Сот мүгедек баланың құқықтарын қорғады

18/08/2017

Алматы облысының №1 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен азамат А- ның алимент мөлшерін азайту туралы талап тілегі бойынша азаматтық іс қаралды.

Алматы облысында сот жалғызбасты ананың құқығын қорғады

13/04/2017

Алматы облыстық сотына талапкер А. В-дан өзінің асырауына алимент өндіру туралы талабымен арызданды.

Бірінші сатыдағы сотпен тараптар некеде тіркелмегендіктен, талапкер А-ның талап арызын қанағаттандырудан бас тартқан, дегенмен жауапкер сотта талапты мойындаған.

Атырауда сот анасын күтіп-бағу үшін ұлынан алимент өндірді

23/09/2016

Атырау қалалық сотымен азамат В.-ның ұлы С.-ға өзін күтіп-бағу үшін алимент өндіріп алу туралы азаматтық ісі қаралды.

Талап қоюшы талап қою арызында жүрегіне ота жасалғанын, дәрі-дәрмектерінің бағасы қымбат екенін, қазіргі уақытта жолдасымен бірге тұратынын, екеуі де зейнеткер екенін, алайда зейнетақылары қымбат дәрі-дәрмектерге жетпейтінін көрсеткен.

Сот анасын күтіп-бағу жөніндегі алиментті өндіру туралы талап арызды қанағаттандырды

06/11/2015

Ақмола облысының  Еңбекшілдер аудандық соты азаматша С-ның ересек төрт балаларынан өзін күтіп-бағуға алимент өндіріп алу туралы талап арызы бойынша азаматтық істі қарады. 

Сот анықтағандай, азаматша С. 50 жастағы және одан үлкен жастағы үш ұл мен бір қыздың анасы болып табылады. Қазіргі уақытта талапкер бірінші топтағы мүгедек (көру қабілеті нашарлаған және инсулинге тәуелді қант диабеті бар) және қосымша материалдық көмекке зәру. Жауапкерлер, яғни оның балалары ерікті түрде көмектесуден бас тартуда.