Алматы облысында сот жалғызбасты ананың құқығын қорғады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы облыстық сотына талапкер А. В-дан өзінің асырауына алимент өндіру туралы талабымен арызданды.

Бірінші сатыдағы сотпен тараптар некеде тіркелмегендіктен, талапкер А-ның талап арызын қанағаттандырудан бас тартқан, дегенмен жауапкер сотта талапты мойындаған.

Сот  алқасы, бірінші сатыдағы сот қорытындыларын негізсіз деп санап, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодекстің 47-бабы 5-тармағына сәйкес, егер анасының жұбайы болып табылмайтын еркектiң әке екендiгi анықталған болса, баланың анасы босанғанға дейiнгi және босанғаннан кейiнгi кезеңдердiң iшiнде өзiн күтіп-бағу жөнiндегi шығыстарға арналған тиiстi ақша қаражатын одан сот тәртiбiмен талап етуге құқылы болғандықтан, ішінара талапты қанағаттандырып, сот шешіміне өзгерту енгізді.

Жауапкерден босанғанға дейiнгi және босанғаннан кейiнгi аралықта iшiнде талапкер А-ның пайдасына ақшалай шығыстар өндіріп алынды, сондай-ақ, үш жасқа дейінгі кәмелетке толмаған баланың анасының құқықтары қорғалды.

Сот қаулысы заңды күшіне енді.

Қайнар: 
Алматы облыстық сотының баспасөз қызметі